0 дауыс
339 көрілді
Менің қызым қазір үйінде жүре алмайды, аяқтары қозғалмайды. Күннен күнге әлсіреу үстінде. Оны мен қатты жақсы көрем, сүйем оны шексіз. Айтыңыздаршы осы диагноз туралы не білесіздер? Қалай бұдан емделуге болады? Қанша қаржы қажет оны емдеп жазып, өмірлік жарым етіп өмір сүруіме жол ашу үшін. Не істеуге болады бұл аурудан емделу үшін????

3 жауап

+3 дауыс
*Общая слабость яғни, Қаназдық  — қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) қызыл қан жасушалары санының азайып, гемоглабин мөлшерінің кемуінен болатын ауру.   
Қаназдық ауруынан емделуге болады. Ол үшін ауру адамға қан құяды, қажетті дәрі-дәрмек береді.  Дұрыс тамақтану мен ұйықтау мерзімдерін сақтап, таза ауада көбірек демалған дұрыс. Ауру белгілерін байқаған соң, оны анықтау және тиісінше ем қабылдау үшін дәрігерге қаралу керек.
Жаник, кеш болмай тұрғанда қайғыра бермей тезірек дәрігерлерге қаралған жөн. Емделу сомасын дәрігерлер өздері айтар. Бәрінен де ол қиналғанда сіздің демеу болғаныңыз ерлік екен!!!*
+1 дауыс
Бұл диагнозды оған кім қойды? Мұндай диагноз қойылмайды. Общая слабость (жалпы әлсіздік) бұл тек аурудың бір симптомы (белгісі) ғана. Нақтырақ жазсаңыз.........
Байқауымша, Қарағанды қаласынан екенсіз. Қарағанды қаласының дәрігерлеріне көрініңіз.
0 дауыс
бұл нақты диагноз емес, қызыныз сізден диагнозын жасырғысы келіп айтқан қосымша диагнозы болу керек меніңше. Нақтырақ диагнозын білуге тырыс. сол кезде білгенімізді жазып көрейік. Бұл сайтта нақты білгір дәрігер бар деп ойламаймын (мен сияқты студент болмаса), ең дұрысы арнайы маманнын консультация алғаны жөн. Қарағанды қаласында тұрсаңыз ол жерде Медакадемия бар ғой, яғни дәрігерлеері мықты жер. Неғұрлым емін тез бастаса соғұрлым ауру жеңіл өтеді. Ал сіздің айтуыңызше аяқ қолдары қозғалмай жатса... асқыну сатысына өтіп кеткен болуы мүмкін... Аса мейірімді АЛЛА шипасын берсін!
...