Шабдалының 5 түрі бар:
кәдімгі шабдалы
гансун шабдалысы
Давид шабдалысы
Потанин шабдалысы
ғажайып шабдалы тараған
Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі Шабдалыдан таралған. Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6 — 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2 — 3 жылдан бастап 15 — 20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. Әр Шабдалы ағашынан 20 — 120 кг жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады.Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Оның өсіп тұрған жерінде арамшөптер болмауы қажет.
Шабдалының екі түрі бар: біріншісінің қабығы түкті, екіншісінікі – тегіс. Ағаштың биіктігі 6 м. Жапырақтары сопақша келген ұзын. Жапырақтары гүлдеп болғаннан кейін шығады. Гүлі қызғылт-күлгін, мәдени түрлерінде ақ, қызыл, ала түстілері де бар. Күлтелері жәй және гүлпарлы болып келеді. Жемісі шар пішінді, бүйірінде сызығы бар. Алдында жасыл түсті болады да, соңынан қызғылт-сары түске айналады. Жемісінің өзіне тән хош иісі болады. Жемісінің ортасында ірілеу сүйегі болады. Сүйегінің беті бұдырлау, қоңыр. Жеміс беру кезеңі мамырдан қазанға дейін созылады. Ерте пісетін сұрыптарына қарағанда, кеш пісетіндері хош иісті, дәмдірек және дәрумендері көп болады. Жемісінің салмағы 50 грамнан 500 грамға дейін жетеді. Шабдалы 40-50 жылға дейін өмір сүреді, бірақ ауруға шалдыққыш, сондықтан ертерек өліп қалады. Көбінесе 15-30 жылға дейін ғана өмір сүреді. Шабдалы – жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкелі жерде жемістері кішірейіп, дәмсіз болады. Шабдалы тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Шабдалыны отырғызған кейін 3-5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Әр ағаш 30 кг - 100 кг-ға дейін жеміс бере алады.
Шабдалының жемісінде 80—90 % су, 6—14% қант (оның 5—10 %-ы сахароза), 0,5—1,2% пектин заттары, 9,4—20 мг% С витамині, 0,6—1,0 мг каротин, ал тұқымында 20—60%-ға дейін май қышқылдары және эфир майы болады. Жемісі жастай, кептірілген күйінде (компот, варенье, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады. Шабдалы сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды
Шабдалы – жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкелі жерде жемістері кішірейіп, дәмсіз болады. Шабдалы тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Шабдалыны отырғызған кейін 3-5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Әр ағаш 30 кг - 100 кг-ға дейін жеміс бере алады.