0 дауыс
1.2k көрілді
Қазақстанның қай өңірде қыздың қалыңмалы қанша тұрады? Жақында үйленген немесе үйленейін деп жүргендер осы сұраққа жауап берсеңіздер. Қалыңмал тек доллармен төлене ме немесе доллармен айтылып, теңгемен беріле ме?

12 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бізде, Атырауда қалың мал деген түсінік мүлдем жоқ, ешқандай ақша берілмейді, егер қалың мал сұраса ол сорақы, яғни қыздарын сатқан болып көрінеді (егер сенбесеңіз осындағы Атыраулықтар бар солар дәлелдеп береді)
Қое жақсы екен бірақ дым бермесеңде ұят емес пе?
Әрине ешқандай ақша бермейді, тек сүт ақы деген бар,  қыздың анасына бір ерекше сыйлық жасалады, ол да бағалы сыйлық емес, тек есте қаларлық бірдеме сыйлай салады (чисто символический). Ал ақша апарсаң үйден қуып шығады біздің жақта, қызымды еш сатып бермеймін деп.
Салт дәстүр ғой ендi.
мұндай саудаласу тек Атырауда ғана жоқ емес!
+2 дауыс
Жаңа ғана теледидардан көрдім Алдараспан. Қалың малға 5000 доллар, Әкенің аялы алақанына 1000 доллар, Ананың ақ сүтіне 1000 доллар, Әженің табаны бар, Атаның құлағының арты бар бәріне беріп жатр ғо
Алдараспандағы ол әзіл-қалжың ғой
+1 дауыс
Қысқасы 15 000$ жинап қой, Қазақстанның ақй өңіріндегі қызды алсаңда қалың малына жетіп қалар.
ех халықта ақша жоқпа неге минус...
+1 дауыс
200.000-нан басталады...
+1 дауыс
Негізі батыс жақта қызға қалыңмал төлемейді. Біздерде ол қызды сатумен тең деп есептелінеді, сондықтанда қалыңмал төленбейді. Ал басқа өңірлерді білмедім.
+3 дауыс
ОҚО-да біз жақта 300мыңнан жоғары апарады және өлі-тірісі деп 1 қой сосын үйге кит апарады.
киіт деп жатады ғой маталар костюм шалбар шапан т,б салып арнап апарады
Белгісіз
ааа бәсе, жауапта кит деп тұрғанға китті қайдан табам деп түңіліп кетейндеп жатыр едім))
0 дауыс
Әр облыста әр түрлі ғой. Қалың мал жалпы қыздың шыққан тегіне, тектілігіне байланысты болып келеді.
оның несі сұмдық?
Осы сөйлемнен сұмдықты байқай алмағаныңыздың өзі сұмдық!!! Дәстүрдің озығы да, тозығы да бар. Лайықты деңгейде қалыңмал бере берсін, жарайды. 21 ғасырда адамды тегіне қарап бөлу деген ешқандай жабайылық болып көрінбей ме? "Келін" сериалын көрем деп қазақтар енді үнділік каста жүйесіне көшкен бе? Басқалар мұны көріп алып: "Қазақтар қыздарын сатады. Бағасы тегіне қарай әр алуан" деп жүрмесін))) Бөтен жұрт көрмей-ақ қойсын!! Сұмдық-ай!!
Өзім сериал дегенді қарамаймын. Үнді түгілі отандық сериалдарданда хабарым жоқ. Ол рас. Тегіне, тектілігіне қарап алған. Тектілік деген сөзді түсінбеген сеніде қазақ дейді-ау.
Тектілік деген қыздың шыққан жері емес пе?!  Мәселе, адам құқығының аяққа тапталуында. Бірақ адамның өзіне қарап емес,  әке-шешесіне қарап баға беретін сіз сияқты адамдардың теңдік, құқық дегендермен жұмысы жоқ та шығар. Айтып ауыз ауыртпай-ақ қояйын) А, сосын менің айтқым келгені сериал мәселесі емес, каста жүйесі болатын)) Түсінбегеніңіз өкінішті))
Тектілік пен Тегі дегенді шатастырмаңыз. Қыздың шыққан жері Тегі деп айтылады. Тектілік деген ауқымды, көлемді мағынада қолданылады. Солардың бірі, негізі Абырой. Ары қарай жаза берсем үлкен ғылымға барып тіреледі. Телегония деген ғылымнан хабарың болса ондада. Олда соңында осы Тектілікке келіп тіреледі.
қайдағы ғылым? Адамды тегіне қарап саудалайтын ғылым болса білмегенім жақсы!!))) Сіз-ақ біліп жүріңіз ондай сұмдықтарды))))
Телогония деген ғылым деп анық жазылған неге қарамайсың соны? Ол ешқандай сұмдық емес. Адамды саудалау деген сөзде жоқ. Сенің түсінігің солай болса өкінішті. Қыздың қалың малы сауда-саттық емес. Өкінішті. Мектеп жасындағы оқушы шығарсың оң солынан хабары жоқ.
Еееех) Жарайды онда!! Сіз ғана ғылыми дәйектемеңізбен жүре беріңіз. Адам болмысын жоққа шығарып, тегін ғана маңызды деп санайтындар қызықтырмайды. Бұл мен үшін сұмдық, сіз үшін қалыпты жағдай болғанымен. А, айтпақшы, мен 1993 жылдан әлдеқайда бұрын туылғам, інім))))
Тегі мен Тектілікті айыра алмайтын адамдардың ғылым-білім, діннен хабары жоғын анық байқауға болады.
Иә, сіз-ақ айыра беріңізші, құдай-ау))) Ғылым-білім мен діннен не пайда, адамды бағаламаса... Менің ондай адам болғым келмейді... Айырмағаным сол болсын)))))
түсініктің, ақылыңның таяздығын көрсеткенің осы болсын. Бұдан ары сенімен пікір таластыру қажет емес.
Иә, сіздікі керемееет терең боп шықты ғой!! Терминге өз бетінше анықтама беру білімділікке жата ма, қайдам?! Қоғамтанушы этнолог ғалым болса бір сәрі)))  Сау бола ғой))) Өзің бір тоң мойындау бала екенсің)))
Ғылым-білім мен діннен не пайда деген адамға не деуге болады.
Бәрінен пайда іздейтін адамға не деуге болады?? Иә, мен солай ойлаймын. Адам баласының бәрін тең көріп, бағаламайтын болса дін де, ғылым да түкке тұрмайды.
Егер дін-ғылым болмаса өзіңнің кім екеніңді білмес едің.
Қойыңызшы, рас па? "Ешкім естіп көрмеген жаңалық" аштыңыз ғой)))) Ғылым болмаса да біліп алар едім деп айтпаған сияқты едім)))
дін мен ғылымды түкке тұрмайды деу оны жоққа шығару.
Егер... дегенді елемей, неге "түкке тұрмайды" деген сөзімді ғана айта бересіз?  Адам баласының бәрін тең көріп, бағаламайтын болса.... Сонда ғана түкке тұрмайды дедім.

Әріге кетіп қалыпсыздар ғой тіпті (арбитраж болып көрейін) @Nurbol Karatai біріншіден сіздің жауабыңыз мүлдем дұрыс емес (әр облыста әр түрлі депсіз, қалың мал батыс жақ облыстарда мүлдем жоқ, (бір жауаптан Шығыс жақта да жоқ дегенді оқып қалдым (Солтүстікте бар екеніне де күмәнім бар), сонда тек қана Шымкентте болып тұр) 

@ZhanNara меніңше адамды бағалау субьективті ғой бұл жерде әңгіме "тектілік" деп жақсы көрген адамын айтып отыр деп ойлаймын (тек романтикалық махаббатты айтып отырған жоқпын)

Ой тағы көп жазғым келген, ұйқым келіп ерініп қалдым (қысқасы түсіндіңдер ғой)

0 дауыс
Менің туысқан ағам Шымкенттен қыз алып алдына 300000тг апарған болатын. Сол Шымкент жақтың қалыңмылы жоғары, басқа өңірлердікінен хабарым жоқ.
0 дауыс
Біздің жақта қалың мал деген жоқ... Шығыс жақ (Өскемен, Семей).
0 дауыс
біздің атырау жақта қалыңмал жоқ атыраудан бір қыз алып ал
+1 дауыс
Орталық,Сарыарқа баурайы немесе біздің жақта қалың мал деген атымен жоқ.Тек сыйластық үшін киіт беріледі тағы не дейді тойбастар,қалта ашылып жатады.Ана сүті,әке алақаны дегенді кімнің шығарып жүргенің білмейм,әйтеуір бізде жоқ.
0 дауыс
Менде өз пікірімді айта кетейін,жалпы,қалың малды бергеннен соң,қыз сол ақшаға киім-кешегін алады ғой. Бұл-қызды сату дегенге келісіңкіремеймін. Себебі,ол ақшаны қыздың өзіне,керегіне жұмсайды. Енді әркімнің өз түсінігі бар.
...