+1 дауыс
2.7k көрілді
Ейнштейн кезінде осы  жұмбақты шығарғанда,  дүниеде 2 пайыз адамның ғана шеше алатындығын айтқан. Бұл мәселенің есте сақтау қуатымен және жас шектемесімен онша қатыс жоқ. Қанеки, сiз де ми жүгіртіп логикалық ойлау  қуатыңызды сынап көріңіз.


Мұндағы алғашқы шарттар  мыналар:


1. Реңі ұқсамайтын 5 үй  бар ;


2. Әр үйде ұқсамаған 5 елдің азаматы тұрады ;


3. Осы 5 адамның әр қайсысы бір ғана сусын ішіп, бір маркадағы темекі шегеді, бір ғана хайуанат  бағады ;


4. Әр біреуінің баққан нәрсесі, шегетін темекісі, ішетін сусыны өзара ұқсамайды.


Сонымен бірге мына түйіндер белгілі:


1) Германиялық қызыл үйде тұрады ;


2) Шуециялық ит бағады ;


3) Англиялық шай ішуді ұнатады ;


4) Жасыл үй ақ үйдің сол жағында ;


5) Жасыл үйдің иесі кофені ұнатады ;


6) Pall Mall маркалы темекі шегетін адам құс бағады ;


7) Сары үйдің иесі Dunhill маркалы темекі шегеді ;


8) Ең ортадағы үйдің иесі сүт ішуді ұнатады ;


9) Даниялық бірінші үйде тұрады ;


10) Мохорка шегетін адам мысық бағатын адамның көршісі ;


11) Ат бағатын адам Dunhill шегетін адамның көршісі ;


12) Blue Master шегетін адам сыра ішуді ұнатады ;


13) Франциялық Prince маркалы темекі шегеді ;


14) Даниялықтың үйі көк түсті үйдің қасында ;


15) Мохорка шегетін адамның көршісі суды ғана ішеді.


Сұрау: балық бағып жүрген адам кім болғаны?
Сайтымыз ақылдылары осы бір логикалық сұрақты шешіп көрсін. Бірақ жай ғана жауабын айта салмаңыз дәлелдеп көрсетсеңіз. Бұл математикалық есептеулер арқылы шығатын (бұл жерде сандармен емес әрине) сұрақ. Ейнштейннің кім болғанын білесіңдер, сол себепті оның қарапайым жұмбақ қоймайтындығы рас.
Белгісіз

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жауабы неміс.........

Негізі былай:

Норвегиялық бірінші үйде тұрады.

Ағылшын қызыл үйде тұрады.

Жасыл үй ақ үйдің сол жағында. Онымен қатар тұр.

Даттық чай ішеді.

Кім Marlboro тартса, мысық асыраушымен қатар тұрады.

Сары үйдің тұрғыны, Dunhill тартады.

Неміс Rothmans тартады.

Кім ортада тұрса, сүт ішеді.

 Marlboro тартушының көршісі су ішеді. 

Кім Палмалл тартса, құс өсіреді.

Норвегиялық көк үйдің қасында тұрады.

Кім жылқы  өсірсе, көк үйде тұрады.

 Кім Winfield тартса сыра ішеді.

Жасыл үйдің тұрғыны кофе ішеді.

Швед ит өсіреді.

Сұрақ Балықты кім өсіреді.

Кім балықты өсіреді?

Жауабы

Эйнштейн немiс болған соң ба?
Белгісіз
+2 дауыс
Ағылшын бағады балықты.
+2 дауыс
Ия ағылшындар болу керек. Себебі басында еуропалықтар ағылшындардың жеріне қоныс аударған. Сенің Енштейн берген түйіндерде өншен франциялықтардың шарабы, Англияның шайы Швецариялық, Германиялық өншең еуропалықтар берілген. Ағылшындарда барлық нәсілділер өмір сүреді. Сондықтанда үйлеріде әртүрле болады.Бір-бірлеріне де ұқсамайды.  Ал отандары бір болғандықтан  әр қайсысы бір ғана сусын ішіп, бір маркадағы темекі шегеді, бір ғана хайуанат  бағады. Балықтарды ағылшындар бақпайды деп ешкім айта алмайды ия. Негізі сұрақта балықтың еш қатысы жоқ. Дұрыс айттым ба ???
Бұл жерде қай елде жасайтындығы айтылмаған.
Белгісіз
Негізі түсініктемем, жауабы дұрыс па ???
0 дауыс
Жалпы Эйнштейннің жұмбақтарын шешу үшін жұмбақты соңынан бастап оқу керек. Бұны дүние жүзіндегі адамдардың тек 2 пайызы ғана біледі, жауабы неміс.
Эйнштейн немiс болған соң ба?
Белгісіз
Иә, мен Эйнштейнтанушы бірнеше ғалымды білемін. Олай солай айтқан болатын.
0 дауыс
неміс қой балық бағатын

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
...