+1 дауыс
7.3k көрілді
Судың астында дәлірек жазсам бассеиннің ішінде. Бассеинде судың астында жүзіп жүргенде тыныс алу қиындау, ауа жетпей қалады. Мұрынмен дем алып, ауызбен ауа шығарамыз ба? Толық, қазақша мәлімет берсеңіздер?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіз жүзу бассейніне барып жүргенге ұқсайсыз. Мен сіздің ойыңызды түсіндім. Негізі судың астында демді тек мұрыннан шығарасыз және аздап үзінділермен. Ішіңіздегі барлық демді толық шығаруға болмайды. Себебі су бетіне шығып дем алып алғанға дейін деміңіз жетуі тиіс.

Брас - жүзісінде әрине ол оңай әрбір сыртқа шыққан сайын ауызбен толық дем алып аласыз да су ішіне енгенде мұрынмен шығарып тастайсыз. Су бетіне шықпас бұрын іштегі демді толық шығарып тастау қажет, себебі өкпе сіздегі оттегін көмір қышқыл газына айналдырып тастайды. Сол себепті су бетіне шықпас алдын толық су астында мұрынмен шығарып тастау қажет. Егер өкпеде ескі ауа яғни көмірқышқыл газы қалып қойса, миға таза ауа оттегі бармауының себебінен басыңыз ауырып бастайды.

Кроль - жүзуінде әрбір екінше немесе деміңіз аз болса бірінше қолды сермеі кезінде басты бір жағыңызға бұрып демді ауызбен аласыз ал су ішіне бас енгенде мұрынмен біртіндеп шығара бастайсыз.

Баттерфляй - жүзісінде әрбір су бетіне көтерліп шыққан мезетте ауызбен толық дем алып алу керек, кейін суға түсе салысымен демді мұрынмен шығара бересіз. Егер екі рет қол сермеп барып үшіншіде ауа алатын болсаңыз онда сол су бетіне шыққан мезетте ауызбен дем аласыз.

Егер сіз дайвингпен айналысатын жан болсаңыз, онда сіздің өкпе қабыңыздың көлемі үлкен болуы шарт себебі су астында қысым жоғары сол себепті өкпедегі оттегі тез арада жойылып кетеді. Су астында да дәл солай ауаны мұрынмен шығарасыз. Су бетінде демді ретке келтіріп алып қайта малтисыз.

Жауап көңіліңізден шықса бағалауды ұмытпағайсыз.
+2 дауыс
Білмедім,су астында демалуға болмайтын шығар,су жұтып қойсаң бітті емес па?
+2 дауыс
судың астында демалуға болатынын білмеппін. мүмкін сұрағың былай шығар: судың астында қалай ұзақ дем алмай тұруға болады?
+1 дауыс
Суға сүңгір алдында кенінен тыныс алып, су астында жәймендеп шығарасыз. Ішініздегі ауа біткенше су астында жүзуге болады ғой.
Не болмаса қазір кішкентай ғана құрал шығыпты, су астында жүргенде тыныс аласын. Ешқандай кедергі келтірмейді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
...