0 дауыс
14.4k көрілді
1867-1868 жылдардағы реформаның қазақ жеріне тигізген зардаптары?

2 жауап

0 дауыс
Реформаны әзірлеуде бұқараның талап - тілегі ескерілмеді. Мәселен, ғалым Ш. Уәлиханов Қазақстанда халықтың өзін - өзі басқару негізінде әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынған болатын. Оның «Сот реформасы туралы» деген хатында әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу керек деп есептеді.
Комиссия реформаны тезірек іске асыруды көздеп, ат төбеліндей феодалдық тап өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.
Батыс Сібір генерал - губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлының, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сәйдәліұлынан, т. б. ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сүйенді.

Шоқан Уәлиханов
Реформа жүйесі 1867жылы 11 - шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені», 1868 жылы қазанның 21 - інде» Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
1867 - 1868 ж. ж. реформа бойынша қазақ жерінің біріктірілуі

(1867 ж. Ереженің 85 - бабына сәйкес)

Ереженің 42 - 65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің
орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым - салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау.
Болыстарды, ақсақалдарды сайлау күреспен, рулық таласпен өтті. Абайдың «Болыс болдым, мінекей...» деп басталатын «Күлембайға» деген өлеңінен байқауға болады.
1867 - 1868 ж. ж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты.

Реформалар негізінде сот ісі де қайта құрылды.

Реформа Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуында белді рөл атқарды.
Капиталистік қатынастар ене бастады
Таптық жіктелу, жатақтар.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынадай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.
0 дауыс
Патша үкіметі 1867— 1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.

Жалғасы:
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/1860_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D3%99%D0%BA%D1%96%D0%BC%D1%88%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80
...