Джакарта – санскритше: «жеңіс мекені» деген мағынаны білдіреді....Индонезияның астанасы Джакартада 18 миллионға жуық халық тұрады, Қазақстан халқынан бір миллионға артық.Индонезия әлемдегі мұсылмандары ең көп мемлекет, 250 миллиондай халықтың 88 пайызынан астам мұсылман-сүниттер.
Джакарта XVI ғасырға дейін теңіз жағалауындағы шағын елді мекен болған Сунда-Келапау (индонезия тілінде келапа «кокос пальмасы» дегенді білдіреді) деген жерде негізі қаланған. 1527 жылы көршілес патшалықтың билеушісі осы жерді басып алып, оған Джаякерта (индонезия тілінде джая «жеңіс, даңқ», керта «сәтті» деген мағына береді), яғни «сәтті жеңіс қаласы» деген атау берген. XVII ғасырда голландиялықтар Батавия деп аталатын бекініс салған. 1942 жылы қала атауы Джакарта деп өзгертілді. Бұл атау бастапқы Джаякертаның сәл бұрмаланған нұсқасы болып табылады.
http://egemen.kz/2014/08/13/34222 осы жерден қызықты мәліметтер оқи аласыз....