0 дауыс
444 көрілді

                                   Сәлемтсіздерме бауырларым, достарым, аға-әпкелерім!
Бүгін редактор және модераторлар, мамандар болып бір шешімге келейік.Сайтта байқасаңыздар ма, өңделетін сұрақтар қаншама....?
Ия...оны өңдеу үшін қай жерден бастарымды білмей қаламын.Сол себепті 33санатты 19модератор және редакторларға бөліп беруге шешім қабылдадық(Админ аға өзіңіз кешірерсіз, біз былай өзара сізден сұрамадық, қарсы емессіз деп ойлаймын).Сонымен бугін мен өзім Тағам,Аспаздық санатын мойныма алдым.Байқасаңыздар буп-бугін бәрін өңдеп тастадым.Әрбір сұрақтығ ілмегін ажыратып, сұрағын толықтырып, жауаптарын өңдеп, тузетіп қойдым.Енді сіздерден өтінерім жұмыла көтерген жүк жеңіл деп маған қосылып сіздерде 1 немесе 2-3 санаттан алып сол санатты филтрден өткізіп, шаңын сүртіп тап-тұйнақтай етіп берсеңіздер, және алдағы уақытта сол санатқа бас көз болсаңыздар. Келісемін деушілерге жұмыс табылар!

Егер сіз қарапайым тіркелген қолданушы болсаңыз: бізге сіздің тигізер септігіңіз мол.Егерде сіз қойған сұрағыңызды таза қазақ тілінде, сауатты қойып, нақты жауап жазатын болсаңыз сізге айтар алғысымыз зор!
Ал, мамандар сіздер де қаласаңыздар әрбір санатты бөліп алып, сол санаттағы жауаптар мен пікірлерді өңдесеңіз болады!

Авторы: Жұмбақ қыз. https://surak.baribar.kz/user/..%3A%3A%3A%D0%96%D2%B1%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D2%9B+%D2%9B%D1%8B%D0%B7%3A%3A%3A..

 Абеке негізгі мәселе осыған келіп тіреліп тұрған секілді. Сен де сайтты жатырқап кетіп қалсаң, сенің сұрақтарың мен жауаптарыңды оқитын басқа да сонау сайттың ашылғанынан келе жатқан қолданушылар да жатырқап кетіп қалатын секілді. Ия жаңа буын қолданушылардың басымдылығы бар, бірақ оларға үлгі болып бағытын көрсетіп отыратын сен секілді қолданушыларымыз кетіп қалатын болса онда бұл сайт хаостың орталығына айналады. Жалғыз барлығымен арпалыса алмаймын, 2000 - 2003 жылғы туылған қолданушылардың сұрақтары өте көп болып кетті. Бінденке дейін десең ұрысуға дайын тұрады, ал мен талас тартыс қылып сайтты қырылыстың орталығына айналдырғым жоқ. Осы орайда жауап жазбаса да біраз модераторларымыз жақсы істер атқарып жатыр, жасырын түрде сайттың қалыпты бағытынан ауытқымай істеп тұруына қолынан келгенше қол ұшын ұсынып жатыр. Мен ешкімге міндеттеп мынаны істе деп бұйыра алмаймын, қол ұшын ұсынып жатқан қолданушыларға рахметтен басқа ештенке ұсына алмай отырмын. Бір шетінен осы жағдай мені де күнжілтеді - депті Админ. 

Енді соған байланысты мамандар, редакторлар, модераторлар болып келісейік. Сайтта кеткен қателіктерді өңдеу,санатын ауыстыру жұмыстарын,жабырып,жабатындарын,ашатындарын дұрыстайықшы! Бұл сайт үздік үштікке кірген сайт. Қате болса ұят емеспе? Жұмбақ қыздың жасағаны 2012 жылы екен. Биылғы жылы да өңдеп қойсақ. Мамандар,модераторлар,редакторлар соның бәрін бөлісіп алайық. Жауап жазыңыздар,пікір қалдырыңыздар. Админге еш нәрсе айтпадым. Кейбір маман, редакторар бос отырады. Қолданушылар сіздерден өтініш есептер туралы сұрақ қойсаңыздарда нақты қойыңыздаршы! Мысалы есеп шығарып берші емес, нақты тақырыпты. 

ТЕК САЙТ ҮШІН ЕДІ БӘРІ..........

Достар небәрі 36 санат бар екен. Соны бөліп алайық. Мысалы мен 4-5 санатты алсам, сол 4-5 санатты бөліп алған редаторға маман бөлінсін. Жауап өңдеу үшін.
Достар! Қаржы кеңесшісі санатын өңдеп қойдым!

6 жауап

+1 дауыс
Мынауыңыз жақсы ой екен.Рахмет сізге! Әттең мен қарапайым қолданушымын.
+1 дауыс
Негізі дұрыс болар бөліп алған, бірақ барлығына олқы сұрақ-жауаптер кездессе кез-келген санатты өңдей де беруге болады деп қойсаңыз... (мысалы сол санатты алған қолданушы белгілі бір себептермен сайтқа кіре алмай кетсе, ол санат өңделмей қалмасын дегенім ғой)

Сосын тағы бір пікір, қарапайым қолданушылардан өтініш ондай өңдеуді қажет ететін сұрақ-жауаптарды байқасаңыздар админге, модераторларға , редакторларға хабарлассаңыздар болады (сайтта жеке хат, жеке сұрақ деген қызмет бар)
Ол да дұрыс. Санаттарын бірлесіп бөлсек. Сәуірдің не мамырдың аяғына дейін бітсек деген ой.
Қай санаттарды алғыңыз келеді? Ғылым, Білім, Денсаулық санатын алсаңыз....
Тарих, Әдебиет, Тіл сөз санаттарын алғаным жөн болар деп ойлаймын
Жарайды келістік.
+1 дауыс
Иә бұл істеріңіз жақсы. Бірақ бұл жерде мамандардың қандай көмегі тиеді. Қолданушылардың жазған жауабын өзгертіп жатсақ қолайсыз болмайма? Сонда біз бұл жерде тек қана қазақша әріптер менен жазылмаған жауаптарды өңдейміз ба?
Ия. Мысалы ИЯ СОЛАЙ ІСТЕЙІК................))))))))))))))))))) деп жазып тастағандарды,пікірлерді өңдесеңіздер. Жалпы қолдарыңыздан келгенше. Бәрі жиналғанын күтіп отырмын. Сосын Админнен өтініп көремін, бөлуге. Немесе өзім ертең бөліп қалармын. Бәрі келіседі деп ойлаймын.
Иә бөлісіп алмасақ сасып қаламыз.
Белгісіз
Админге айттым.Бөліп берсе сол бойынша. Бөлмесе мен бөліп шығамын.
Сұрақ санына қарай бөлмесе өте қиын екен. Логикалық сұрақтарды бастап едім, сұрақ санына қарап жалғыз өзімнің шамам жетпейтінін түсіндім. Жəне көбісі санатты дұрыс қоймаған.
+1 дауыс
Бұл бірінші рет емес, Сайт ашылғалы бері қолданылып келген тәжірибе деуге болады. Құптарлық іс.
Менде білемін. Сол үшін өңдеп тастайық дегенімғой.
psiholog жазғандай әттең қарапайым қолданушымын.
Өз жауаптарыңыз бен пікірлеріңізді көріп, өңдесеңіз болады.
+1 дауыс
Еш тыным таппай қалған адам екенсiң...
)))))))))))))ахаха)) өтті) бір күліп алдым, рахмет)))
+1 дауыс
Мен қолымнан келгенше өңдеп жүруге тырысамын. Соңғы үш санатты мен алайын. szh.kz туралы, логикалық сұрақтар жəне салт дəстүр. Бірақ қазір телефонмен отырғандықтан фильтрден өткізіп, шаңын сүрте алмаймын. Барынша жасауға тырысамын. Ал ноутбукпен кірген кезде бəрін тазалап шығамын))
Келістік +1
...