0 дауыс
2.2k көрілді
Әлемдегі ең қымбат смартфон және оның суреті керек еді

4 жауап

0 дауыс

iPhone Бағасы шамамен 3,5 миллион АҚШ доллары тұратын аппаратты Goldgenie компаниясы сатылымға шығарды

0 дауыс
Англияның атақты зергері Стюарт Хьюз әлемдегі ең қымбат ұялы телефонды әрлеу үшін тер төгіп, нәтижесінде, Goldstriker iPhone 3GS Supremе атын еншілеген мына бір (жоғарыдағы суретте) телефон дүниеге келді. Ұялы телефон алтынмен апталған.

Жарқыраған бриллиантты телефонның "Apple" логосы 53 бірдей қымбат таспен қапталған. Ұялы телефонның құны – 3.2 миллион АҚШ доллары.

Швейцария шеберлерінің қолынан шыққан GoldVish Le Million атты мына бір өзгеше дизайнды ұялы телефон да әлемдегі ең қымбат байланыс құралының бірі болып саналады.

Қымбат бриллианттар мен ақ алтын, қолтырауынның сапалы терісімен қапталған ұялы телефон Гиннес рекордтар кітабына енген. Телефон 1 миллион 300 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.

Питер Алойссонның Diamond Crypto Smartphone атты мына бір туындысы болса, алқызыл алтыннан жасалған батырмаларымен ерекшеленеді. Ортадағы батырмада 18 караттық бриллиант жарқырап тұр. Телефонның қалған бөлігі таза платинамен апталған. 1,3 миллион АҚШ долларына тең телефонмен сөйлескен адамды тіпті халықаралық мафиялық ұжымдар да тыңдай алмайды екен.

 

Vertu гаджеттерінің қатарында жаңа гаджет пайда болды. Әдетте аталған компания өнімдері өте қымбат болып келеді. Дегенмен, ғаламтордары расталған ақпарат көздеріне сенетін болсақ, мына шыққан смартфон орта таптағы ауқатты тұлғаларға арналып шығарылыпты.

Aster деп аталатын бұл смартфонның шыққанына, расында, қуанудың қажеті шамалы. Оның бағасы компанияның өзге девайстарымен салыстырмалы түрде арзандаған. Смартфонның негізгі нұсқасы 6900АҚШ долларына бағаланып отыр.

Смартфонды құрастырушылар аталған бағаға лайық нені ұсына алады?

Смартфон жақұтпен көмкерілген 4,7 дюймді дисплейге ие. Сондай-ақ, Snapdragon 801 төрт ядролы процессорымен жұмыс жасайды. Негізгі камерасы 13 Мпк сапамен суретке түсіре алады.

Смартфонның мінездемесіне мән берер болсақ, қарапайым смартфондардан оның еш айырымы жоқ. Компания оның титанды корпусына басымдылық білдіріп тұр.

Одан бөлек, Vertu өз тұтынушыларына көптеген жеңілдіктерді ұсынып отыр. Айта кетсек, смартфонды сатып алушыларға Kaspersky Mobile Security антивирусына лицензия және Silent Circle криптографиялық қызметіне жылдық абонемент беріледі. Сонымен қатар, Wi-Fi iPass интернет нүктесіне әлемнің кез-келген жерінде қосылу мүмкіндігі де қаралған.

 

 

 

Толық нұсқа мына сілтемеде http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/12873/

http://massaget.kz/layfstayl/tehno/zhaalytar/21879/
0 дауыс
Galaxy S6......
0 дауыс
Goldstriker iPhone 3GS Supremе ғой

Ұқсас сұрақтар

...