0 дауыс
35.0k көрілді
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай,сыныбымызбен Мәншүк Мәметованың өмірін баяндаймыз. Осы кісі туралы толық ақпарат керек еді. Уикипедия басқа да сайттарда мәлімет аз.

3 жауап

0 дауыс
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.

Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді

Осылайша, Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда  жеңіске жету! Талай зобалаңды бастан өткерді, ерлермен  бірге жер бауырлап  жүріп су кешті, ну орманды артқа тастап, басын отқа да салды, суға да батырды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

 

http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9-mamyr/1683/

http://egemen.kz/2014/04/11/24614
0 дауыс

Казақтың каһарман қызы, Кеңес Одағьның Батыры.
Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Казақстан облы-сының Орда ауданыйда дүниеге келді. Ерте жетім кзлды. Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді. Үлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институгын-да оқып жүрді. Ол 1942 жылы өзі сүранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Алғы шепте айқаскд түскен алғашқы күннен-ақ каруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдыгьшен қайран қалдыр-ды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншук ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен каза тап-ты. Оның касық каны қалғанша қарысып бақкан кас ба-тырлығы мен өмірдей асқақ өлімі соғыс даласында да, «еңбек майданында» да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс — жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының колхозшылары даңқы пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Мәмето-ва атындағы танк полкін жасақтауға кджетті ақша жина-ды. Бертініректе әйгілі режиссер-қоюшы А.Михалков-Кон-чаловский «Мәншүк туралы ән» кинофильмін түсірді.
Әлия Молдағұлова (1924-1944 жж.)
Кдзақгың каһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.
Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Оның майданнан жазған хаттарынан мәлім: ата-анасы, ағайын-туғандары ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңінде аштан өлді. Кішкентай Әлия Ленинг-радқа барып, соғысқа дейін сонда түрды. 9-сыныпта оқыды (қазір ол мектеп Әлия Молдағұлова есімінде). Бірге оқыган сыныптастарының естелігіне карағанда, өзіне өте сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас болған. Оны мақсаткерлік пен адалдық және адамгершіл сергектік қаси-еттер басқалардан айрықша ерекшелендірген. Алыс ауыл-дан келе салып, бәрімен де тез тіл тауып кетті, зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мерген-дер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақыткд дейін коман-дование алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға кэрсы оқ жаудыруға асықгы. Бір хатыңца ол өз кұрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды калайтынын жазды. Өзі оқыған каласының кұрсауда кңлға-ны оны катгы алаңцататын-ды.
Ашық шайқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалти-ка майданының 2б-атқыштар дивизиясы құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айкд-старға қатысып, құралайды көзінен атқан нағыз мергендігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники
стансасы маңындагы ауыр шайқаста Әлия қаһармаңцық-пен қаза тапты. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі ушін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде Ә.Мо-ладғұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, үжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен бульварлар бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман-хикаяттар да көп. Өткен жылы Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.
Рахымжан Қошқарбаев (1924-1988 жж.)
Үлы Отан соғысына қатысушы, Рейхстагкд Жеңіс Туын кдцағандардың бірі.
Кдзіргі Ақмола облысының бұрынғы Целиноград ауда-ныңда дүниеге келді. 1942 ж. Қызыл Армия кдтарында қыз-мет етуге шақырылды. Фрунзе жаяу ескерлер училищесін бпірді. Бірінші Белоруссия майданының Идриц атқыштар дивизиясы кұрамындағы 150-взвод командирі болды. Польша мен Германияны азат етуге кдтысты.
1945 ж. Рейхстагқа штурм жасаушылардың алғы шебінде болды. 30 сәуірде, Г.Булатовпен бірге, жаңбырдай жауған оқ астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс Туын желбіретті. Фашистік Германия талқандалғаннан кейін Эльбадағы Кеңестік билік бөлімінде қызмет етті.
1947-1967 жж. Ақмола облатком нұскаушысы, К^зақ КСР Министрлер Кеңесі жаныңдағы қоныс аудару бөлімі басқ-армасының бас нұскэушысы болып істеді.
Қызыл Ту, Отан соғысының Бірінші дәрежелі ордендерімен марапаттады

0 дауыс
Туылган кезы,' 23 казан 1922

Туган жылы'. Орал облысы Бокей Ордасы ауданы

Дунтеден кеткен кезы.' 12казан 1943(20жыл)

Олген жеры Невел Каминиская област PCФСР,СССР

Мансабы.' Пулеметшы
...