0 дауыс
12.0k көрілді
Шоқан Уәлиханов "Жоңғария очерктері" кітабының электронды нұсқасы бар ма?

1 жауап

0 дауыс

http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5166-engbekteri

Аудиокітабы бар осы жерде.....

«Жоңғар очерктері» өзінің Жоңғарияға жасаған экспедициясының материалдары негізінде Орыс географиялық қоғамының алдында жасаған баяндамасы есепті. Мұнда Шоқан саяхатшыға тән жүріп өткен жолының барлық бедеріне қоса, тұрғын халықтардың этникалық құрамы мен тұрмыс-тіршілігіне аса мән беріп, айрықша тоқталады. Соның ішінде ішінара болса да, әдебиет туралы әр жерінде бөлек тоқталып, өте құнды пікірлер айтқан. Шоқан осы еңбегінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін зерттеудің этнографиялық және генеологиялық тұрғыдан маңыздылығын айта отырып, осы салаға айрықша мән береді. Ғалым Ер Көкше, Орақ, Шора, Едіге туралы жырларда халықтың өр рухы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы көркем бейнеленетінін атап өткен. Қазақтың әйгілі батырлар жырын ноғайлы жырларының тобына қосып, олардың туу заманын XIV, XV, XVI ғасырлардың арасы деп ой қорытады. Шоқан көршілес елдердің әдебиетін зерттеуге де зор үлес қосқан. Қырғыздың атақты жыры «Манасты» әлемге әйгілеген Шоқан екендігі тарихтан белгілі. Ғалым оны «Иллиадамен» қатар қойып, ауыз әдебиетіндегі дүниежүзілік мәні бар эпикалық туынды деп бағалаған. Жырдың мазмұнын баяндап, қоғамдық тарихи мәнін, орнын айқындайды. Шоқан жырды «Манас» - бір кезеңге және бір адамның Манас батырдың төңірегіне топтастырған қырғыздың барлық ертегі, хикая-әңгімелерінің аңыздарының энциклопедиялық жинағы», - деп бағалаған. Шоқан әдебиет мәселелерін қарастырғанда халық өмірі, тарихи жағдайынан туған өнер өзгешелігі, поэзияның ұлттық ерекшеліктері қандай деген сұраққа өте айқын, дәл жауап айтуға күш салады. «Жоңғария» очерктері» ғылымға беймәлім болып келген өлкені жан-жақты танытарлық сол кезеңдегі құнды еңбек деп бағаланған. Алайда сан-салалы ғылымды игерген Шоқанның бұл еңбегі бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ.

...