Мына сілтемеге өтіңіз. https://surak.baribar.kz/372637/шашым-тез-майланады-не-істесем-болады.
[Шашты күнде жуу зиянды]
Мамандар әр екі ай сайын сусабынды ауыстырып отыруға кеңес береді. Бағасы қымбат сусабындардың бәрі де сапалы бола бермейді. Бірақ, тым арзан да болмау керек. Өйткені, өте арзан құралдардың құрамында бас терісі мен шашқа зиянды элементтер табылуы мүмкін. Көптеген бағасы қымбат сусабындардың құрамында табиғи майлар мен мұқият тазалайтын қоспалар бар. Солардың әсерінен сусабынды кішкене үнемдеуге болады. Ал, шашын күнде жумаса, жүре алмайтын арулар үшін қымбат сусабынды қолдану – шығын болуы да мүмкін. Күнде жуылатын шашқа кететін қаржылай шығынды былай қойғанда, ол бас терісіне де зиян екенін трихология мамандары растап отыр.
Әр адамның шашы өзіндік құрылым мен өзіндік түрге ие. Сусабынды шаш түріне қарай таңдау қажет. Құрғақ не майлы шашты күнара (араға бір күн тастап) жуып отырған тиімді. Шашты жиі жуған сайын оның майлылығы арта түседі. Май қабаты бас терісін құрғап кетуден сақтайтындықтан күнде тазарып отыратын шашта тез пайда болады.
Шашты күнде жуу зиянды
Байқасаңыздар, бұйраланған шашқа қарағанда бұйраланбаған шаштар тез майланады да, кір боп көрінеді. Оның мыры тіке шашта майдың тез таралуында ғана. Шаштың майлануы – кір емес, бас терісі аурудан аман, шаштың сау екендігінің кепілі. Өйткені, май қабаты шаш талшықтарындағы дымқылдың сақталуы мен су сіңірмеуіне ықпал етеді. Шашыңызды күнде жуған сайын оны табиғы қорғанысынан айырып отыратыныңызды ұмытпаңыз. сілтеме ретінде http://aikarakoz.kz/шашты-күнде-жуу-зиянды/
Қыз-келіншектердің өн бойында адамдардың назарын өзіне бірден аударатыны шашы мен жанары. Әсіресе, иығынан төгілген қолаң шашы, қос бұрымы, әдемі өрілген, таралған, әсемделген шашы ер азаматтарға ерекше әсер етеді. Осыған орай мамандардың шаш күтімі жөніндегі ақыл-кеңестерін жариялап отырмыз.
Халық тәжірибесі
Шаш селдіремесін, тартымды күйінен таймасын десеңіз, халықтың мына тәжірибесіне, ақыл-кеңесіне назар аударыңыз:
* Бас теріңізге массаж жасап тұрыңыз. Сонда құйқадағы қан айналымы, шаштың өсуі жақсарады.
* Шашты су күйінде тарамаңыз, фен қолданып жатқызуға, сәнденуге әдеттенбеңіз. Өз түсінен күңгірт түске боямаңыз, ол Сізді жасыңыздан әлдеқайда есейтіп көрсетеді.
* Бальзам, кондиционер тәрізді заттарды көп пайдалануға әуестенбеңіз. Басыңызды қышқылы орташа, жұмсақ сұйық сабынмен жуыңыз.
* Шашыңызды кез келген сусабынмен, иіссабынмен жуа бермеңіз.
* Шаштың жылтыраған, табиғи қалпын сақтау үшін алдымен оны таза ұстау керек. Егер ол кір болса, шаштың өңі болмайды әрі бас терісінде әртүрлі микроорганизмдер жиналуы мүмкін.
* Басты аптасына бір рет жуған жөн. Шаң-тозаңы көп жерлерде жұмыс істейтіндер аптасына 2-3 рет жууына болады. Бірақ жуу жиілеп кеткен жағдайда шаш құрғап, сынуға бейім. Сондықтан шашты аранулы майлармен сылау керек. Сылау ұзын шашқа тән, қысқа шаш өзі-ақ тез майланады.
* Шашты жұмсақ сумен, әсіресе, жаңбырдың, қардың суымен немесе қайнатылған сумен жуған жақсы. Кейбір қайнамаған жай суға жуса, сабын көпірмей, бастың кірі ашылмайды. Суды жұмсарту үшін бір литр суға бір шай қасықтан асырмай борлы қышқыл натрийді араластырады. Мұнымен жуып болған соң, басты бір литр суға бір ас қасық сіркесуын қосып шаяды. Қазір шаш жуу үшін әдеттегі сабыннан гөрі сұйық сабын жиі қолданылып жүр. Сусабынды шаштың қасиетіне қарай таңдап пайдаланған жөн. Олар қатты сабынға қарағанда әлдеқайда жұмсақтау. Шашты жуып болғаннан кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс.
* Жуылған шашты бөлме жылуында кептіру керек. Ал күннің кезінде, жанып тұрған отқа тақап немесе электрлі кептіргіштермен кептіру қатты құрғатып жібереді.
* Кейбір шаш қатты құрғақ болғандықтан, ұшы қақиып тұрады. Мұндай шаштарды он күнде немесе екі аптада бір рет жууға тырысқан жөн. Жумастан бұрын айына бір рет басқа соя немесе зәйтүн майынан компресс жасап тұру керек. Оны былай дайындауға болады: кішкене ыдысқа аталмыш майды шамалап құяды да оны өзге табаққа құйылған ыстық суға салып қояды. Жылыған майға бір шай қасық лимонның сөлін қосып, араластырып, шашқа және бас терісіне жағады. Сонан кейін целофан қалпақ киіп, сыртынан қалың орамал немесе сүлгі орап тартады. 10-12 сағат өткен соң, сусабынға немесе сабынға жұмыртқаны араластырып басты жуып алады.
Шашқа арналған тұнбалар
* Ошаған түбірін майдалап турап, оның 10-15 грамын 0,5 литр суға салып, 5 минут қайнатып алады. Сонан соң сүзіп, салқындатып, шаштың түбін аптасына 2-3 рет сүртіп отырады.
* Бірдей мөлшердегі настурция мен қалақай өсімдіктерін 60 пайыздық спирт ерітіндісіне салып, 10 күн қояды. Соңынан сүзіп, таза ыдысқа құйып алады. Онымен 10-15 күн бойы шаштың түбін күн сайын сүртеді.
* Ақ қайың жапырағынан бір ас қасық 20-30 минут қайнатып суға салып, екі сағаттай тұндырып қояды да сүзеді. Тұндырманы шашты жуған сайын басты сүртуге пайдаланады.
* 50 грамм томар дәріні (черемица) алып, 250 грамм спирт пен судың қосындысына салып қайнатады. Ұзақ қайнағаннан кейін сүзіп алады. Дайын тұндырмамен аптасына екі-үш рет, кейін бір реттен шашты жуар алдында сүртіп отырады.
Шашты тарау
Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және өткір болмасын. Шашты щеткамен тараса, ол жақсы тазалайды, бас терісінің қан айналымын жақсартады. Щеткамен шаштың түбінен ұшына дейін бірнеше рет жатқыза тарайды. Щетка қатты, бірақ тікенектері болмаған жақсы. Басқа біреудің таарғын, щеткасын пайдалануға болмайды.
Ауыр және тар бас киімдер, күн сайын парик кию теріге салмақ түсіріп, шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп болады. Күннің желдің, теңіз суының, шаңның әсерінен шаш күңгірт тартады, құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зиянды. Сол себепті суық күндері міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-тозаңда жұмыс істегенде басқа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң өткізбейтін бас киім киеді.
Шашты өсіру
* Бұл үшін де шашты таза ұстап, арасында басты жұмсақ тарақпен тарап, сылап-сипап тұру керек. Сондай-ақ табиғи шөптерден дайындалған тұнбаларды пайдалану да шаштың өсуіне ықпал етеді.
* Бір ас қасық шырмауықтың (плюш) жапырағын жарты литр суға салып, он минуттай қайнатады. Сүзіп, салқындатады. Дайын қайнатпаға мақтаны батырып, бір ай бойы кешкісін шаштың түбіне жағады.
* Қалақай (крапива) мен настурция өсімдіктерінің жапырақтарының 100 грамына шамамен 10 грамдай қазотын ұнтақтап, араластырады. Осы қоспаға жарты литр спирт құйып, 15 күндей тұндырады. Сонан соң сүзіп алынған тұндырмамен шаштың түбін басты жуған сайын сүртіп отырады. Қоспаның құрамында спирт болғандықтан көзге тигізіп алмау керек.
* Кей өсімдіктердің өзін езіп пайдалануға болады. Мысалы, қаратамыр (черно-корень) өсімдігінің жас түбірін ұсақтап турап, езіп, ботқа әзірлейді. Оны бастың құйқасына жағып, үсіне пергамент қағазын жабады да, жылы орамалмен сыртынан орап қояды. Бір сағаттан кейін басты жақсылап жуып алады. Мұндай масканы бір ай бойы екі немесе үш күн сайын қайталаған жөн. сілтеме ретінде http://baq.kz/news/35919