0 дауыс
1.5k көрілді
Ғылыми жобалар бойынша ҰБТ-дан қандай жағдайда босатылады? Халықаралық жобалар сайысына қатысқаны үшінде грант бередіме?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау,аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады».

Дерек көздер:
http://baq.kz/kk/news/31248
http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/bt/18715/
0 дауыс
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ҰБТ-да айтарлықтай жеңілдік бар. Яғни мұндай олимпиадалардың І, ІІ және ІІІ орын иегерлері ұлттық бірыңғай тесттен босатылады.

Олимпиада жүлдегерлерінің соңғы 3 жылдағы оқу үлгерімі туралы табелі мен қатысқан олимпиадаларының тізімі республикалық комиссия мүшелеріне жіберіледі. Әрбір оқушының оқу үлгерімі мен деңгейіне қарай комиссия мүшелері арнайы сертификат тағайындайды. Аталған сертификат бітірушінің ЖОО-на түсуіне кепілдік бола алады.
...