0 дауыс
Асфендияров атындағы медициналық университетінде қандай мамандықтар бар жане канша балмен грантка тусуге болады?
31.03.2015 9.1k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

ТАЛАПКЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

ЖОҒАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМНІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ

Оқу мерзімі
Коды

Мамандықтың аталуы

Клиникалық практикамен айналысу құқығы жоқ

Клиникалық практикамен айналысу құқығы бар

5В130100 Жалпы медицина (күндізгі)

5

5+2

5В130200 Стоматология (күндізгі)

5

5+1

БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ

Коды

Мамандықтың аталуы

Оқу мерзімі (жыл)

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау (күндізгі)

5

5В110300 Фармация (күндізгі)

5

5В110400 Медицина-профилактикалық ісі (күндізгі)

5

5В110100 Мейірбике ісі (күндізгі)

4

ӘЛЕУМЕТТІК  ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС

5В050700 Менеджмент (күндізгі)

4

5В050700 Менеджмент (күндізгі қысқартылған)

2

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

5В074800 Фармацевтикалықөндірістехнологиясы (күндізгі)

4

Жоғары кәсіптік білім

5В130100 «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ

5В130100-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған бітірушіге заң тұрғысынан бекітілген жалпы дәрігерлік практика немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес практикалық қызмет етуге рұқсат беріледі. -«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) бітірген бітіруші магистратура немесе резидентурада білімін жалғастыруға құқылы.

5В130100-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр»  академиялық дәрежесінеиегер  дипломы беріледі.

6 және 7-курс студенттеріне білім беру интернатура түрінде ұйымдастырылады:

– жалпыдәрігерлік практика
– гигиена және эпидемиология
–ішкі аурулар
– хирургия
– педиатрия
– акушерлікжәне гинекология

5В130200– «СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ

5В130200-«Стоматология» мамандығы бойынша (5+1) оқу бітірушіге жалпы деңгейдегі стоматолог-дәрігер біліктілігі бар жоғары базалық білімі туралы  диплом және интернатураны бітіргені туралы  куәлік беріледі.

5В130200-«Стоматология» мамандығы бойынша 5 жыл оқуын аяқтаған бітіруші клиникалық практикаға қатысы жоқ мамандық бойынша  жұмыс істегісі келсе, оған стоматологиябакалавры туралы диплом беріледі.

 

БАКАЛАВРИАТ   МАМАНДЫҚТАРЫ

5В110300 – «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ

5В110300 – Фармация мамандығы (5 жыл) бойынша оқуды тәмамдаған бітірушіге жоғары фармацевтикалық білімді «фармация бакалавры» академиялық дәрежесі мен «жалпы практика фармацевті» біліктілігіне иегер дипломы беріледі.

5В110400 – «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» МАМАНДЫҒЫ

5В110400 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы (5 жыл) бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге«Қоғамдық денсаулық сақтаубакалавры» академиялық дәрежесін берумен жоғары білімі туралы диплом беріледі.

5В110400 – «МЕДИКО-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ

5В110400 – «Медицина-профилактикалық ісі» мамандығы (5 жыл) бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге«бакалавр» иегері туралы диплом беріледі.

5В110100- «МЕЙIРБИКЕ IСІ» МАМАНДЫҒЫ

5В110100– «Мейірбике ісі» мамандығы (4 жыл) бойынша бітірушілерге «Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі тағайындалады. «Медицина мейірбикесі-менеджер» біліктілігі беріле отырып, жоғары базалық білімі туралы  дипломы беріледі.

5В050700 – «МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ

5В050700– «Менеджмент» мамандығы (4 жыл) бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «менеджмент-бакалавры» академиялық дәрежесін берумен жоғары білімі туралы диплом беріледі.

31.03.2015
0 дауыс
Стоматология мамандығы бойынша, ақылы оқу қанша төленеді
02.03.2018

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы