0 дауыс
7.1k көрілді
Есірткіге жол жоқ тақырыбына өлең керек еді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Есірткі деген бұл пәле,
Өміріңді өксітер.
Ес-түсіңнен айырып,
Айуандыққа жеткізер.



Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, санаңды мұң.
Нашақорлық - жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күнжоқ, білем.

Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
0 дауыс

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі ежелден адамзат баласына оңай және тез тәуелділікке душар етіп,организмге зиян әкелетін зат екені белгілі.

Есірткі сөзін грек тілінен аударғанда «ұйқы» деген мағынаны білдіреді.Яғни ұйықтату,жансыздандыру,сезімсіздендіру деген мағыналарға ие.Есірткіні ежелгі гректер қайғы-қасіретті ұмыттыру мақсатында және ауыр хәлдегі науқастарға ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланылған.

Есірткі ағымының негізгі мақсаты-бір мемлекетті немесе бір қоғамның ұлттық санасын және қорғаныс қызметін жойып,оны отарға айналдыру.

Парақорлыққа,зорлық-зомбылыққа,құмарлыққа,өзін-өзі өлтіруге және ең бастысы екі жағдайы бар деп білемін:

1.Отбасынан айырылу

2. Өз ұрпағының кемтар болып туылуы немесе мүлдем болмауы.

Нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіру және оны тасмалдаудан,сатудан бастау алады.Есірткіге тәуелді адамдар өте ащушаң болып келеді.Ас қорыту жүйесі бұзылады,бауыр мен бүйрегі ауырады, көзінің көруі нашарлайды және тыныс алу жүйелері бұзылады.Есірткіні қабылдайтын адамдардың көпшілігі қылмыстық іске қатысы болады,неге олай десеніз:нашақорлар есірткіні алу,оны қолдану үшін ұрлыққа барады.Сонын нәтижесінде жауапқа тартылады және сотталады.

Осы есірткінің кесірінен қаншама адам өмір,қаншамасы зардап шекті және де әлі күнге дейін оның зардабын көріп жатырмыз. Нашақорлық-бүкіл қоғамның қасіреті,болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.

Сондықтан келешек ұрпақ өшер елдің емес,өсер елдің саналы,оң мен солын жеткілікті дәрежеде айыра алатын азамат болғанын қалаймын.Ең бастысы «Адам» деген атқа лайық болып,өз өміріміз бен болашақ ұрпағымыз үшін аса зор жауапкершілікті сезінгеніміз жөн болмақ.

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы

С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің

11-сынып оқушысы Олжабаева Ақмарал

...