0 дауыс
19.6k көрілді
Pisa тапсырмалары 2015 қайдан жүктеп алсақ болады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРі

Фудзи тауы Жапониядағы белгілі тыныш жатқан вулкан.   

Сұрақ 1: Фудзи тауына шығу                                                                                            

Фудзи тауының басына шығу көпшілік үшін әр жылдың 1 шілдесінен  27 тамызына дейін ашық. Осы уақыт аралығында 200 000-ға жуық адам Фудзи тауының басына шығады. 

Орташа есеппен алғанда, күніне шамамен қанша адам Фудзи тауының басына шығады?

A     340

B     710

C     3400

D     7100

E     7400

Сұрақ 2: Фудзи тауына шығу                                                                                            

Фудзи тауына апаратын Готемба жолының ұзындығы 9 километрге (км) жуық.

Жаяу жүргіншілер 18 км жүрістен 20.00-де келуі керек. 

Марат орташа есеппен бір сағатта 1,5 километр тауға шығатындығын, ал төмен қарай оның жылдамдығы екі есеге көбейетіндігін есептеді. Бұл жылдамдық тамақ ішуге және демалуға үзіліс жасауға мүмкіндік беретін уақытты ескереді. 

Мараттың есептеуін қолдансақ, кешкі сағат 20.00-де қайтып келу үшін оның жүруді бастайтын ең кеш уақыты қандай?

 ................................................................................................................................ 

Сұрақ 3: Фудзи тауына шығу                                                                                            

Марат Готемба жолындағы жүрісінде өзінің қадамдарын есептеу үшін қадам есептегішті киіп алды. 

Оның қадам есептегіші оның жоғарыға қарай 22 500 қадам жасағанын көрсетті.  Мараттың Готемба жолындағы 9 км жүрісіндегі орташа қадам ұзындығын есептеңіз. Жауабыңызды сантиметрмен (см) беріңіз. 

Жауап:  .................................................  см

АҒАШ ПОЙЫЗ БӨЛІГІ

Беріктің кішкентай қарындасы Айгүл өзінің ағаш пойызымен ойнағанды қатты ұнатады. Берік оған төменде көрсетілгендей иілген бөліктерден жол жасауға көмектесті.

Ескерту: Суретте масштаб ескерілмеген.

Сұрақ 1: Ағаш пойыз бөлігі                                                                                                

Шеңбер жол жасау үшін Берік пен Айгүлге жоғарыда көрсетілгендей қанша иілген бөліктер қажет? 

Иілген бөліктердің саны:   ....................  

Толық жүктеу үшін: https://yadi.sk/i/nr50ifTbfeQLV

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау мен мониторингтеу ҰБТ және ОЖСБ рәсімдерімен қатар TIMSS, PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне қатысу арқылы да жүргізіледі [1]. Халықаралық зерттеулерге қатысу көптеген әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар аясында еліміздің білім беру нәтижелерін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді [2, 3 б.].

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі ерекше орын алады. Өйткені, оған әлемдік экономиканың жартысынан астамы үлес қосады [3]. Екіншіден, PISA тапсырмаларының тәжірибеге бағыттылық дәрежесі мен тапсырмаларды құрастырушылардың біліктілігі жоғары. Бұның барлығы PISA-ны 15 жасар білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр.

PISA халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар білім алушылардың мектепте меңгерген академиялық білімін өлшемейді. Зерттеуде олардың академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану (өмірлік дағдылар), сонымен бірге мәселелерді қою мен шешу, модельдеу, ойлауда қолданатын білімі мен дағдыларының деңгейлері бағаланады.

Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді [2, 7–8 б.].

Қазақстан Республикасы PISA зерттеуіне екі мәрте қатысып, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жасар білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады [4]. Бұл нәтижелер 2004 жылы қазан айында республикамызда білім мазмұнын білімділіктен құзыреттілікке көшу жөніндегі саяси көзқарастың дұрыстығын растап отыр [5].

PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап басымды үш бағыттың біріне баса көңіл бөле отырып, үш жылда бір қайталанып жүргізіледі. 2015 жылы зерттеу жаратылыстану сауаттылығына басымдылық беріліп өтетін болады. Алдыңғы жылдары бұл бағыттағы басымдылық 2006 жылы жүргізіліп, 57 ел қатысқан болатын. 2015 жылы 70 елдің қатысуы жоспарланып отыр.

PISA-2015 зерттеуі 2012 жылы өткен зерттеудегідей қосымша жаңашыл мақсаты бар, атап айтқанда, 15 жасар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын интерактивті ортада бағалау мақсаты болып табылады.

Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл болып жүзеге аспақ. Сондықтан интерактиві тапсырмаларды пайдаланып компьютерлік тестілеуге назар аударған жөн.

Қазіргі уақытта республика бойынша PISA-2015 зерттеуіне қатысу мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы оқу бағдарламасын жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ

Курстың өзектілігі осы құралдың кіріспесінде берілген.

Курстың толық атауы – «PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсы». Бұл курс орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті бөліміндегі сағат есебінен өткізілетін элективтік курс болып табылады.

Элективтік курстың мақсаты – оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін элективтік курстың алдында мынадай міндеттер тұр:

– математика курсы, жаратылыстану және гуманитарлық цикл курстарына енетін оқу пәндері бойынша игерілетін білім аясын кеңейту;

– білім, білік, дағды мен құзыреттіліктің деңгейін жоғарылату;

– білім алушылардың өз тағдырын, соның ішінде кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда белсенділік танытуына септігін тигізу;

– оқу пәндеріне деген қызығушылық қалыптастырып дамыту.

PISA-2015-ке әлеуетті қатысушылары 9-сынып оқушылары немесе колледждің 1-курс студенттері болғандықтан, элективтік курс орта білім беру ұйымдарындағы 8-9-сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған.

Курс математика, биология, химия, физика, география, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілі және әдебиеті секілді базалық пәндерді толықтыратын «қондырма» рөлін атқаратындықтан, курс ұзақтығы мен кезеңдерін мұғалімдердің өздері белгілейді. Бағдарлама материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ «қондырмалық» элективтік курсты жүргізу есепке ала отырып, базалық оқу пәндерін оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағдарды ұсынады. Сонымен қатар, бағдарлама PISA-2015 зерттеуіне енген қосымша өлшемдер бойынша кейбір ұсынымдарды қамтиды.

PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адам іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі [2, 51 б.].

 Кестеде көрсетілгендей, элективтік курстың мазмұны жаратылыстану сауаттылығы бойынша тақырып пен бөлімдерін қалыптастырады (1-кесте).

Толық жүктеу https://yadi.sk/i/Z67jyZ3OfeQPt

...