0 дауыс
Аккумулятор батареясы iстен шығып, машина от алмайды. Егер жолда осындай ақауға тап болсаңыз , не iстеy керек?
30.03.2015 4.9k қаралым

4 жауап

0 дауыс
Артығымен алып жүріңіз не жақын маңдағы көлік жөндеуіне барасыз.Жалпы жолға шықпай тұрып алдын-ала қамданыңыз
31.03.2015
Нені артығымен алып жүру керек?
Көлігіңіз оталмай қалса:
—  аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
— көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
— ажырату педалін басыңыз;
— көлікті оталдырып көріңіз;
— стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
— егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.

Егер стартер айналмаса:
— басқа көліктен «тұтандырып» көріңіз;
— итеріп оталдыруға тырысыңыз;
— аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.
Жоғарыдағы пікірге жауап алғаным жоқ! Ненің артығы?
Артық аккумулятор алып шық дегісі келген шығар))
Қалай сонда? Ол қалтаға салып алатын зат емес қой. Қызық екен.)))
артық аккумулятор болуы керек деп айтқым келген машинада немесе аккумуляторды тексеріп алған дұрыс шықпас бұрын.басқа амалы жоқ қой.сто хабарласпаса
0 дауыс
Алыс жолға шықпас бұрын, аккумуляторды дұрыстап тексеруден өткізу қажет. Бетіндегі шаңдарты тазарту керек,Батареяның зарядының толық екеніне көз жеткізу керек, электролит тығыздығының қалыпты мөлшерде тұрғанына көз жеткізу керек. Одан кейін жолда істен шықпайды.
31.03.2015
Шаңдар)) олда ақауға себепкер болады ма?!))
0 дауыс
Машинаны итеру керек )
31.03.2015
автомат коробка болса нестейсің?))
0 дауыс
Аккумулятор отырып машина от алмай қалса, ноутбуктың зарядкасына қосып разеткаға бес сағаттай қоссаңыз болды ол үшін мына төмендегі видеодағыдай жасаңыз,  (Тексерілген)

Негізі лампочка қоспасаңда болады, мен лампочкасыз заряттадым.



Қыс мезгілінде мұндай жағдайға жиі тап болсаңыз сізге жаңа аккумулятор алатын уақыт келгені,
31.03.2015
Мен басқаша қойған ем сұрағымды)) Мысалга жолда келе жатып машина от алмай калса, жол бойында не Iстеу керек? Рахмет!
Жолда келе жатқанда аккумлятор генаратордың көмегімен зарятталып отырады ол қалай істен шыға салады?
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы