0 дауыс
3.9k көрілді
Шашты қалай қатайтуға болады? Сосын репейное масло немесе соның шампуньы көмектеседі ма?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәріханада "Лошадиная сила" деген шампунь бар. Пайдасы өте зор. Бағасы шамамен 2500 тенге.
+1 дауыс
Шашты қатайтатын маска: 2 жұмыртқаның сарысын езіп, 5 ас қасық зәйтүн майымен араластырамыз. Шашқа жағып, жарты сағат ұстаймыз. Содан соң шампуньмен жуамыз.

Шаштың түсуінің алдын алатын маска: 1 пиязды алып, сығамыз да, сөлін 1 ас қасық қыздырылған зәйтүн майымен араластырамыз. Қоспаға 1 шайқасық майонез және бал қосамыз. Қоспаны шашқа жағып, орамалмен ораймыз және 1 сағаттан соң жуамыз.

Шаштың түсуін тоқтату үшін ошаған майымен (репейный масло) немесе өсімдік майымен массаж жасап, уқалап, шаштың түбіне нәр береді.

Пияздың, лимонның шырынын, коньякті, жұмыртқаның сарысын, балды, алоэ мен майонезді араластырып, шаштың түбіне массаж жасайды. Бұл шаштың түбін қатайтады.
...