0 дауыс
818 көрілді
Багратион мен Чапаев шын мәнінде қай ұлттың өкілдері? Және олар қандай ұлы істер істеген?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Пётр Иванович Багратион (грузинше პეტრე ივანეს ძე ბაგრატიონი; 1769 — 24.09.1812(12)) — орыс армиясының қолбасшысы. Суворов жорықтарының және 1812 жылғы Отан соғысының каһарман батыры, инфантериядан генерал.

1969 ж. Кизляр қаласында байырғы грузин князы тегінен шыққан отставкадағы полковник отбасынан шыққан . Кей мәлімет бойынша 1965 ж. Грузияның Тифлис қаласында туылған

Әскери қызметі 1782 жылдан басталды. Орыс-түрік соғысына (1787-91) және Поляк компаниясына (1793-94) қатысты. 1798 ж. - полковник, 6-егерлер полкінің командирі, 1799 ж. - генерал-майор. Суворовтың Италия және Швейцария жорықтарында (1799) Багратион орыстың авангардтағы әскерлерін басқарды. Багратион басқарған әскерлер Адда, Треббия өзендерінде, Нови түбінде болған шайқастарда маңызды роль атқарды. Сен-Готарда, Шайтан көпірі маңында ерлікпен шайқасты. 1805-07 ж. Франциямен болған соғыста Багратион орыс армиясының арьергардын басқарып, Шенграбен, Прёйсиш-Эйлау және Фридланд жанындағы ұрыстарда ерекше көзге түсті. Багратион 1808-09 ж. орыс-швед соғысында дивизияны басқарды, Таммерфорс және Або жанында жеңіске жетті. 1809 ж. Аланд экспедициясын, 1806-12 ж. орыс-түрік соғысында Молдавия армиясын (шілде 1809- наурыз 1810), Подольск армиясын (1811 жылдың тамызынан), 1812 ж. Отан соғысында 2-шң Батыс армиясын (1812 ж. наурыздан) басқарды. 1812 ж. Бородино шайқасында орыс армиясының сол жақ қанатына басшылық етіп, ерекше табандылық пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Осында ауыр жараланып, Владимир губерниясы Симы селосында қайтыс болды. 1839 ж. оның мүрдесі Бородино даласына көшірілді.

Чапаевтің ұлты орыс

Чапаев Василий Иванович (28.1.1887, қазіргі Чебоксары қаласының маңы — 5.9.1919, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Чапаев а.) — Азамат соғысының батыры. 1914 — 18 ж. 1-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Подпрапорщик атағын алып, 3 рет Георгиев кресімен, медальдармен марапатталған. 1917 ж. кеңес өкіметі жағына шығып, 1918 жылғы қаңтардан Николаевск қаласындағы гарнизонның әскери комиссары, 1918 жылдың мамырынан оралдық ақ казактар мен ақ чехтарға қарсы соғыста бригада командирі, ал қыркүйектен 2-Николаевск дивизиясының командирі болды. 1918 жылғы қарашадан 1919 жылғы қаңтарға дейін Бас штаб академиясында оқыды. 1919 ж. наурыздан Ерекше Александров-Гай бригадасының, сәуір — маусымда 25-атқыштар дивизиясының командирі болып, Колчак армиясына қарсы ұрыстарға қатысты. Соғыс қимылдарына ойдағыдай басшылық еткені үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1919 ж. 11 шілдеде 25-дивизия Орал қаласын азат етті. 1919 ж. 5 қыркүйектің түнінде ақ гвардияшылар Қлбішінде (қазіргі Чапаев а.) дивизия штабына кенеттен шабуыл жасады. Ч. өзінің серіктерімен күші басым жауға қарсы ерлікпен соғыс жүргізіп, осы шайқаста жау оғынан қаза тапты. Ч-тың аңызға айналған ерлігі Д.А. Фурмановтың “Чапаев” повесінде, осы аттас кинофильмінде, әдебиет пен өнердің, т.б. шығармаларында суреттелген. Чебоксары қ. және Чапаев а-нда оған ескерткіш орнатылған, музей ашылған.

0 дауыс
украинаның шығар
0 дауыс
Екеуіде орыс ұлтының өкілдері

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
Аружан Копжан 17.01.2017 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
...