+1 дауыс
1.7k көрілді
Истиғфар дегеніміз не?

5 жауап

0 дауыс
Аллаһтан кешірім сұрау
0 дауыс
күнә істеп қойып алладан кешірім сұрасаң сол истиғфар деп аталады
0 дауыс
Истиғфар дұғасы

Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» және «Иза жәа» сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Аллаһу та’алаға көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан Мухаммед Масум хазреттерi екiншi том, сексенiншi хатында:

«Бұл әмірге ұйып, әр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын және 67 рет «Әстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ. Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Оқығандарды және жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Иа Аллаһ, иа Аллаһ» және 3-рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» - деп айтып, ұйықтағанға дейiн қайталау керек.

х.536, м.1142 жылы қайтыс болган Шайхул ислам Ахмед Намиқи Жами «Мифтахун нәжат» кiтабында былай деген: «Бiр кiсi тәубе және истиғфар етiп, шарттарын орындаса әр жүрген жолы және әр отырған орны онымен ифтихар (мақтанады) етедi. Ай, күн, жұлдыздар ол кiсi үшiн дұға етедi. Қабірi жәннат бағы болады. Мұндай тәубе нәсiп болмаған кiсi, осылай тәубе еткендермен бiрге болуы керек. Хадис шәрифте: «Ғибадаттардың ең қадiрлiсi әулиенi сүю»- делiнген. Тағы бiр хадис шәрифте: «Тәубе және истиғфар еткеннiң барлық күнәсі кешiрiледi»- делiнген. Тәубе көңiлмен болады. Истиғфар тiлмен болады
0 дауыс
Истиғфар етіңдер

Күнәлардан және дерт-қиыншылықтардан құтылу үшін әрқашан және әркез, намаздан кейін, жатар кезде мағынасын ойлап көп-көптен «Әстағфируллаһ мин кулли ма кәрихаллаһ» деп айту керек...

Аллаһу та’ала мен құл арасындағы күнәлардың кешірілуі үшін жасырын түрде тәубе ету керек. Мұны басқаларға естірту, хабар беру қажет емес. Жүніп кезде мешітке кіру, мешітте дүниелік сөздер айту, мешітте ішіп-жеу, ұйықтау, Құран кәрімді дәретсіз ұстау, харам нәрсе тыңдау, харам жеп-ішу, әурет жерін ашу бұлардың барлығы құл ақысына жатпайтын күнәлар.
0 дауыс
Менде жауап емес. Сұрақ қояиын деген едім. Егерде денеге менесе қолға "Аллах Тағаланын" белгісі бар сурет пайда болса. Ол нені білдіреді немесе ол ауру туғызбайма (орынсыз сұрақ соңғысы) сонда да білмегенсін сұрай

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
8 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...