0 дауыс
1.3k көрілді
Қаржы перамида дегеніміз не? толықтай ақпарат керек.

3 жауап

0 дауыс
Қаржылық пирамида[өңдеу] Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Пирамида (ағылш. pyramid; гр. pyramis (pyramidos) -монументальное сооружение) Қаржы компаниялары колданатын женіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданын»төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. "Пирамида" ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда теменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа "пирамиданы" құруға кіріседі. Бірқатар елдердің заңнамасымен, пирамидалык қаржылыкоперацияларға тыйым салынған.[1] A. Пирамида — күмәнды мәміле, қаржы компаниялары қолданатын баю тәсілі. Мұнда “Пирамиданың” төменгі қабатын құрайтын алаяқтардың айласымен таратылатын бағалы қағаздарды компанияның сатуынан алынған ақшалай қаражат бағалы қағаздарды ертерек сатып алғандарға дивиденд түрінде ішінара төленіп, “Пирамиданың” жоғары қабатын құрайды, сондай-ақ кең ауқымда жарнамалауға жұмсалады және қаржы компаниясының табысына түседі. “Пирамида” ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күйрейді, сөйтіп, төменгі қабатқа қатысушылар өздерінің салымынан айырылады, ал компания тек күйзеліске ғана түседі, жаңа “Пирамида” құруға кіріседі. Бірқатар елдердің заңнамасында пирамидалық қаржы мәмілелеріне тыйым салынған. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың басында ТМД елдерінде осындай “Пирамидалар” пайда болды. Олардың ең ірілері Ресейде “МММ”, “Русский дом Селенга”, “Властелина”, “Чара”, “Тибет”, т.б. Қазақстанда “Смағұлов және Ко”. Олардың бәрі де мемлекеттік органдардың жайбарақат жол беруімен әрекет етті, өздерінің ұзақ уақытқа созылған әрекетсіздігін “заңнамалық базаның” жоқтығымен ақтауға тырысты. “Пирамидалар” түрлі жасанды бағалы қағаздар шығарды. Дереккөздер[өңдеу] «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
+1 дауыс

Қаржы пирамидасы (сондай-ақ инвестициялық пирамида) – ақшалай қаражатты тарту мақсатында құрылым қатысушыларын кірістермен қамтамасыз ету әдісі.

   Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Twitter-де былай деп жазды: "Таяуда қаржы пирамидаларына тыйым салынады. Заң жобасының тұжырымдамасы түсті. Оған қатысқандарды да жазалауды ұсынамын".

Қалай айтқанда да қателіктен халық сабақ алған жоқ. Өткен ғасырдың 90 -жылдары Ресейді дүркіреткен Мав­родидің "МММ" қаржы пира­мидасы­нан миллиондаған адам зардап шекті. Әйтсе де халық ауадан ақша жасағысы келеді. Қаржы пирамидасындасын құрғандар ешқашан өздерін "алаяқпыз" деп есеп­темейді, ал халық "кәсібі" күмәнді болса да оларға сенеді. Бірақ әлемдік қаржы нарығындағы қандай жағдайға да көз салып қарасақ та, құрылған қаржы пирамидасының ешқайсысы да ха­лық­қа опа бермеген. Өткен тарих та осыны қаузайды.

Әлемде ең алғаш рет қаржы пира­мидасын Францияда Джон Лоу құрған. Қаржы саласына жандандыру үшін жасаған ол, байып - 1719-1720 жылдары компанияның акцияларын сата бас­тайды. Акцияның құны артады. Қызыққан көптеген жандар өздерінің негізгі жұмысын тастап, оның құнды қағаздарын сатумен айналысады. Ақы­рында компанияның жұмысы кері кетіп, бір-ақ күнде банкрот болады.

1919 жылы италияндық Чарльз Понти пошта мар­каларын сату және сатып алудан пайда табуға кіріседі. Алғашында одан жақсы дивиденд алып тұрды. Сөйтіп, мил­лиондаған долларды айналдырды. Ақы­рында шағым түскен соң құқық қорғау органдары компанияны тексерген сәтте фирманың ешқандай инвес­тициялау ісімен айналыспағаны анық­талған. Сөйтіп, ауадан ақша жа­сағысы келген Чарльз Понти соңында талай адамға қарыз болып қалды

.

0 дауыс
МММ сияқты нәрсе

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
8 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...