+1 дауыс
Жиендік жасау дегенді қалай түсінуге болады
30.03.2015 4.3k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
Қазақта нағашының рөлі бәрінен жоғары тұрады. Оны жиендері құрмет тұтып, алдынан кесе өтпей, төрге оздырып, туысынан да артық құрмет көрсетеді. Нағашы мен жиен арасында әзіл-қалжың да жүретіні бар. Кейде нағашыға базыналық жасап, жиендік жасайтын кездері де кездеседі. Мұндайда нағашысы оған кешірімшіл болып, ол не қаласа да оның назын орындауға ұмтылады.
30.03.2015
0 дауыс
Нағышыңнан ақша сұрауды айтады.
30.03.2015
+1 дауыс
Нағашысының үйінен рұхсатсыз бір затты алып кетсе жиендік жасағаны ғой деп жатады
30.03.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы