0 дауыс
12.8k көрілді
Фотосурет туралы реферат ақпарат тауып беріңізші!Фотосурет не екенің айтынызшы.Негізгі тема "Фотосурет жайлы зерттеу".

2 жауап

0 дауыс
Фото – (грек) жарық, графо – сызу, жазу  деген мағынаны береді. Ерте заманда адамдар күн сәулесiнiң қараңғы бөлмеге әлдебiр дененiң көлеңкесiн қаз-қалпында түсiретiнiн байқаған. Бұл жаңалықты ең алғаш рет аңғарған бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi IV ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшыл Аристотель [1.5].

Әлемдегi фотография саласының алғашқы жұрнағын обскура-камерасымен байланыстырамыз. Обскур-камерасының кескiн-келбетiн ұлы қылқалам шеберi Леонардо да Винчи сызып жазған болатын.

Тарихтан бәрiмiзге мәлiм, көзiлдiрiк ХIII ғасырда пайда болған. Уақыт өте келе Галилео Галилей көзiлдiрiк шынылары қойылған құбырды, яғни дүрбiнi ойлап тапты. Бұл әрине фотоаппараттың объективіне қажетті құрал еді.

Уақыт ағымына қарай обскура-камерасы жәшiк пiшiнге келтiрiлiп. Камера объективінің айна арқылы қағазға шағылған дене көлеңкесiн қалам арқылы қағазға түсiрiп, сурет салу әдiсi фотография саласының алғашқы туындысы болатын.

ХVIII ғасырдың орта шенiнде аталмыш құрылғымен Петербург, Петергоф, Кронштадт қалалары бейнелендi. Бұл тәсiл суретшiнiң көп еңбегiмен уақытын қажет ететiн. Ал, суретке түсуші адамның орасан шыдамдылығы қажет болды.

Фотографияны дамыту жолында, яғни химиялық әдiстiң жаңалық болып енуi бағытында әлем зерттеушiлерi көп күш жұмсады. Нәтижесiнде, ХІХ  ғасырда   ғалымдар  үлкен   жетiстiкке  қол  жеткiздi. Орыс дипломаты, әуесқой химик, жас ғалым А.П.Бестужев (1693-1766 ж.ж.) химиялық тәсiлмен сәуле сезгiш қабатты тапты [1.8]. Немiс хирургi, анатомы И.Г.Шульце (1687-1744 ж.ж.) де осы тәсiлге ден қойды.

Барлық ғұмырын жарық сезгiш құралдар мен обскур-камерасын дамытуға арнаған әлемдегi бiрқатар ғалымдар мыналар едi: француз ғалымдары Жозеф Нисефор Ньепс (1765-1833 ж.ж.) пен Луи Жак Монде Дагер (1787-1851ж.ж.); ағылшын ғалымы Вилям Фокс Генр Тальбот (1800-1877ж. ж.).

Әлемдегi  ең алғашқы “күн сәулелi суреттi” Ньепс түсiрген болатын. 1826 жылы Ньепс обскур-камерасымен темір пластинкаға өз шеберханасын түсiрген. Мұны ол “гелиография” деп атады [1.8].

Бұл тәжiрибенi iске асыру үшiн сегiз сағат жұмсалған. Суреттiң сапасы өте төмен болып шыққан. Алайда дәл осы сурет фоторгафияның бастауы болды. Мұнан соң 1835 жылы Тальбот сурет түсiрдi. Өз тәжiрибесiнiң жетiстiгiн “калотипия” яғни, “сұлулық таңбасы” деп атады.

Фотографияда өзiндiк із қалдырған ғалым Дагер де бұл салада көп еңбек еткен болатын. Ол тұңғыш химиялық әдіспен фотосурет түсiрген Ньепспен бiрлесiп жұмыс жасауға келiсім алды. Алайда, көп ұзамай 1833 жылы Ньепс қайтыс болады. Дагер ұстазымен бірге бастаған ғылыми-тәжірибелік істі соңына жеткізуге бар күш жігерін жұмсады. Нәтижесiнде, ғалым 1837 жылы күмiс пластинкаға бейне қабылдайтын химиялық қабатты ойлап тапты. Бұл жаңалық әлемдi дүр сiлкiндiрдi. Өйткенi, бұл көздеген бейненi анық та айқын түсiрген сапалы фотосурет едi. Дагер бұл табысын  өз атымен байланыстырып “Дагеротипия” деп атады.

Бүгiнгi таңдағы фотографиялық жетiстiктерге жету жолында әлемнiң қаншама ғалымдары еңбек еттi. Алайда, олардың есiмi тарих беттерiнен орын алғанымен, Ньепс, Дагер, Тальбот сияқты әйгiлi бола алмады.

Ал, Кеңестік фотоөндірістің пайда болуы мен дамуына ықпал еткен басты фактор ретінде коммунистік өмір мен тәрбиені насихаттау болды дей аламыз.

Ресейде фотоөндірістің құрылуының қиын болғанына қарамастан, кейбір фотографиялық ізденістер өз уақытынан қалмай батыс елдерінің алдын орады. Өкінішке орай, көптеген жетік конструкторлық ойлар өзінің орнын таппады, мысалы, 1936 жылы шыққан 35 мм, айналы бір объективті отандық «Спорт» фотоаппараты әлемде бірінші болған, бірақ 1936 жылы шыққан германдық «Kine-Exakta» фотоаппараты бірінші орынға таласты [2].

1919 жылы 27 тамызда В.И.Ленин фото және киноөндірісін өркендету туралы декретке қол қойды, осының өзі фото-кинотехника тарихында Кеңестік кезеңнің басталғанын көрсетеді [3]. Фотоматериал қорлары азаюына байланысты шетелдік ұйымдардың қоймалары мен фотопластинка фабрикаларын жақындастыру, сондай-ақ фотоматериалдың есеппен ұқыпты жаңартылуын ВФКО-мен қатар Орталық баспа жүргізді.

1919-1921 жылдары бірінші Кеңестік фотожурналдар шықты, 1921 жылдың қараша айында «Фотография қоғамы» құрылды.

1919         жылы 25 ақпан айында «Известия ВЦИК» басылымы
Наркомпростың кәсіби фотографтарға көрсетілетін жеңілдіктері туралы өкімін басып шығарды. Олардың түсірілім павильондары мен лабораториялары, суретшілердің студияларымен тең болды. Фотостудия иелері сол кездегі міндетті салықтан босатылды. 1919 жылы
Мәскеуде жеке және қоғамдық тапсырыстарды қабылдайтын ВЦИК
фотографиясы ашылды. Оны алдында М.С.Наппельбаум, одан кейін П.А.Оцуп басқарды.

1920     жылы Әскери Кеңестің саяси басқармасындағы шығармашылық бөлімі қызыл әскерлерге фотографиялық білімді насихаттайтын көрмелер ұйымдастырды. Саяси басқарма мен «Политработник» журналы қызыл әскерлерді фотографияға үйрету мәселесіне көңіл бөлу туралы мақаласын жарыққа шығарды.

«РСФСР-дің ішкі өмір мәселелеріне түсірілетін фотокино түсірілімдерінің тәртібі» туралы бірінші регламент 1922 жылы бекітілді. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары фотоәуесқойлар бірлестіктері құрыла бастады. Бірлестіктің құрылу себебінің бірі үйірме мүшелері болған фотоәуесқойларға фотоаппарат пен фотоматериалдардың жетіспеуі болған.

1924 жылдың ақпан айында оптика-механикалық өндіріс орны ашылды, кейінірек мемлекеттік оптикалық зауыт, «Метприбор» зауыт, «Русская Урания» шеберханасы өндіріс құрамына кірді [4].

1924 жылдың қыркүйек айында Ленинградтың фотография қоғамы
ұйымдастырған бірінші фотокөрме ашылды. 20-шы жылдардың
ортасында М.С.Наппельбаум дәріс беретін фотоүйірмелердің басқарушыларына арналған курстар ұйымдастырылды. Осыдан бастап фотоүйірмелер, кәсіби фотограф бірлестіктері көптеп құрыла бастады. Мысалы «мәскеулік фоторепортерлар» бірлестігі. Фотопластинка және фотоқағаз фабрикасы іске қосылды, ал 1930-31 жылдары бірінші Кеңестік кинопленка өндірілді.

1926     жылы ленинградтық ғалымдар Д.С.Рождественский, В.А.Фока, В.Е.Тищенко, И.К.Качалова, Н.В.Гребещикова мен Мәскеу оптикалық ғылыми-зерттеу институты  ғалымдары бірлесе отырып, оптикалық шыны қайнату технологиясын тапты, осының арқасында 1927 жылы сыртқы тауарларды сатып алудан бас тартуға мүмкіншілік берді [5].

1927 жылы бірнеше дәуір жаңалықтары болды. Біріншіден ВСНХ РСФСР   бұйрығымен      «оптика–механикалық   трест»   өндірісі    Кеңестік фотоаппаратты шығаруға дайындалды. Екіншіден, маусым айында Карпов атындағы Физика-химиялық институтта фотохимиялық және фотографиялық лаборатория ұйымдастырылды.

1929 жылдың 29 желтоқсан айында оптикалық шыны шығаратын Изюмск, Ленинград зауыттары, Павшинский механика зауыты іске қосылды.

Осы жылы ғылыми-зерттеу кино-фотоинститут ашылды, негізгі міндеті өндіріске кино және фотографияға арналған жаңартылған пленкаларды шығару болды [5].

Қазiргi таңдағы фотоаппараттар жылдам даму үстiнде.  Фотоаппараттардың техникалық мүмкiндiгi әбден жетiлген.

ХХI ғасыр компьютер ғасыры екенi баршаға аян. Соңғы жылдары қоғамымызда цифрлы фотокамералар мен цифрлы бейнекамералар көптеп кездеседi. Бұл жаңа аппараттар журналистикада үлкен беделге ие, олай дейтiн себебiмiз аталмыш құрылғы БАҚ жұмыстары үшiн өте қолайлы әрi жеңiл.

әдебиеттер  

Панфилов Н.Д., Фомина А.А. Краткий справочник фотолюбителя. Алма-ата. 1988. – 368 ст.
Bigox.kz интернет сайты
Бояров П. Новые черты современной фотоаппаратуры. // Советское фото. N 4. апрель. 1984.
Фомин А. В снимках – наша история. // Советское фото. N 4, апрель,1984.
Измайлов Б. Летопицес сцены// Советское фото. N 4, апрель, 1984.
Ергаева Г. Теория и практика советской фотожурналистики //Советское фото. N 7, июнь, 1984.
0 дауыс

Дүние жүзіндегі ең алған фотосурет:

 

Фотография - фотосезгіш материалдарда кескінді алудың жәнефизикалық немесе басқа процестер кезіндегі сәулеленулердітіркеудің тәсілдері.

Фотография процесі төмендегідей кезеңдерден тұрады:ЖСҚ-тың кескінін не сигнал әсеріне сәйкес жарықталынуы; түскен жарық әсерінен ЖСҚ–та химиялық не физикалық өзгерістердің күшейе түсуі;алынған кескінді( не сигналды) ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін өзгерістердің тұрақтануы;алынған кескінді тексеру,санау,өлшеу, т.б. Фотография кинемотография мен түрлі түсті фтографияның пайда болуына жол ашты. Мұның өзі фотографияның адам өміріндегі рөлі мен мәнін арттырды. Ақпарат пен құжат дайындауда,кино өнерінде, полиграфияда және ғылым мен техниканың көптеген саласында фотография негізгі құрал ретінде пайдаланылады.

Фотографиялық аппарат

Фотоаппарат(фотокамера)– нәрсенің оптикалық кескінін фотопленканың, фотопластинканың не басқа фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына түсіруге арналған оптикалық–механаникалық құрылғы. Оның әуесқойлық,кәсіби және арнаулы түрлері бар. Әуесқойлық және кәсіби фотографиялық аппаратпен адам, портрет, табиғат көріністері мен спорт жарыстары суретке түсіріледі. Фотографиялық аппараттың арнаулы түрі фототехникалық жұмыстарда,аэрофототүсіруде,микрофотографияда, т.б. қолданылады. Фотографиялық аппарат жарық өткізбейтін камера,фокустау тетігі бар линзалы не айналы–линзалы суретке түсіргіш объектив, кескін іздеуіш, фотографиялық жапқы,кассета және фотопленканы кері орау механизмінен құралады. Жарық өткізбейтін камера фотографиялық аппараттың қалған бөліктерінен тұтастырып біріктіретін қорап түрінде болады. Суретке түсіргіш объектив фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына нәрсенің оптикалық нақты кескін түсіреді. Кейбір фотографиялық аппараттар алмалы-салмалы объективтермен(фокус аралығы айнымалы болып келетін) жабдықталады. Объективті фокустау арнайы сақинаны бұрау,объектив жиегінде межеленген индексті қашықтықты көрсететін шкала мен үйлестіру немесе бұлыңғыр шыныдағы нәрсе кескінін кмера ішіндегі нәрсе кескінімен дәл беттестіру арқылы да жүзеге асырылады. Кескін іздеуіш суретке түсірілетін нәрсенің кадрдағы орналасу қалпын анықтау үшін пайданалынады. Фотографиялық жапқы жарық сезгіш қабатқа белгілі бір уақыт аралығында жарық шоғын жіберіп отырады. Мұны сезгіш қабатқа ұзақтығы әртүрлі жарық шоғын автоматты түрде түсіру үшін фотографиялық жапқы арнаулы құрылғанымен( кідірту механизмі деп аталатын) жабдықталады.

Ақпарат...

...