+2 дауыс
213k көрілді
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгеленген дүниеде,
ЖАН АНАМ кім бар сендей қымбат маған!

Осыдан басқа және осы сияқты шумақ болса тауып бере қойыңыздаршы?

8 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
1.   Алтыным - Анам, Құттықтаймын Сізді  !!!!
      Тілеймін жаныммен тілектер ізгі . . .
     Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам,
      Алғысым, Сізге бүгінгі күні ! ...

2.    Анам менің – аялаған ақ гүлім
       Анам менің – бақытым мен шаттығым
      “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
       Неге ғана естімеген тәтті үнін
       Анам менің – өмірдегі тірегім
       Анам менің – кеудемдегі жүрегім
       Егер менің қасымда сен болмасаң...

3. Анашым. . .!

Сенің ғана сөзіңнен,
Ет жүрегім езілген.
Бақыт табам өзіңнің
Жылуыңды сезуден.

Шөп-шөп сүйген көзімнен,
Аумай қалғам өзіңнен
«Бір белгісің, -дейсің сен,-
Менің бала кезімнен».

Көңілімді бағасың,
Жүректің кілтін табасың.
Дақ түсірмей жаныңа,
Жүз жасашы, анашым.
[ Жолымбекова Әсел, 10-сынып]

4.Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

5.Ана десем, сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
+4 дауыс
Анашым. . .!      

Сенің ғана сөзіңнен,
Ет жүрегім езілген.
Бақыт табам өзіңнің
Жылуыңды сезуден.

 

Шөп-шөп сүйген көзімнен,
Аумай қалғам өзіңнен
«Бір белгісің, -дейсің сен,-
Менің бала кезімнен».

 Көңілімді бағасың,
Жүректің кілтін табасың.
Дақ түсірмей жаныңа,
Жүз жасашы, анашым.  
[ Жолымбекова Әсел, 10-сынып]
Керемет!  Бір ғана шумақ жазыңызшы. Тағыда? Мына өлеңге тоймай қалдым)))
+3 дауыс
1. Анам, менің – өмірдегі тірегімсің,
Анам, менің – кеудемдегі жүрегімсің!
Анам,  менің – аялаған ақ гүлімсің,
Анам,  менің – бақытым мен шаттығымсың!!!  

2. Ана десем, сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

3.Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Жылы тақырыпты қозғадыңыз ғой..)))
Жұрттар тағы да айта түссе екен, айта түссе..............
Құрметті Алиш!Барлық жауаптарыңызды бір жауап қылғаныңыз дұрыс болар едіОл үшін "Өңдеу" батырмасын басып, жауабыңызды ары қарай толықтырасыз
+1 дауыс
Айналып кетейін, осы сұрақты қойғаныма әлі 1 күн өткен жоқ, ЖАҚСЫ жауапты өзім таңдаймын, жағаласпаңдар. Тағы біраз өлеңдер жазылса екен деп тілеп отырмын, "қуады" екесіздер е))))
+3 дауыс
Анаға тілек
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген,
Тілін алсам – айналған, күнәм болса - өшірген,
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?
+1 дауыс
Бақыт  құсы айналып күнде қонсын ,
Құшағыңыз әрдайым гүлге толсын,
Туған күн деп тілек тілеп
Туыс туған бірге болсыН!!""""БОЛА МА?
))))) болады, рахмет!
0 дауыс
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

 Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

 Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

 Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

болаМа;
0 дауыс
Тулган кунин кутты болсын анашым

Сагынып журген аяулы жан баласын

Омирдеги ен асыл жан озинсин

Бир Алладан шапагат нур тогилсин

Кулки кетпи молдиреген жузиннен

Таптатти бир балам деген созиннен

Ен бакытты кунинизгой бул сиздин

Кулип ойнап журинизши сиз бугин

Балам десен куанамын шаттанам

Аяулы жан Анашым бар деп мактанам

Жаныныздан журсемде мен алыста

Кундиз туни озинизди ескеалам
...