1. Алтыным - Анам, Құттықтаймын Сізді !!!!
Тілеймін жаныммен тілектер ізгі . . .
Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам,
Алғысым, Сізге бүгінгі күні ! ...
2. Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң...
3. Анашым. . .!
Сенің ғана сөзіңнен,
Ет жүрегім езілген.
Бақыт табам өзіңнің
Жылуыңды сезуден.
Шөп-шөп сүйген көзімнен,
Аумай қалғам өзіңнен
«Бір белгісің, -дейсің сен,-
Менің бала кезімнен».
Көңілімді бағасың,
Жүректің кілтін табасың.
Дақ түсірмей жаныңа,
Жүз жасашы, анашым.
[ Жолымбекова Әсел, 10-сынып]
4.Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
5.Ана десем, сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.