0 дауыс
334 көрілді
Манашев Несіпбай 1935-36 жылдары қандай газетте немесе журналда қызмет атқарған? Бұл есім халық арасында несімен ерекше аталып, ел есінде жатталды?

2 жауап

+1 дауыс
Ақын, әрі журналист Несіпбай Манашев (1910-1945) жиырмасыншы жылдары
“Тілші” (қазіргі Алматы облыстық “Жетісу” газеті) редакциясында журналистік еңбек жолын бастап, “Лениншіл жастың” жауапты редакторына дейін өсті.
+1 дауыс
Несіпбай Манашев соғысқа қатысқан екен.Бұған дәлел:
        Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқының абыройын асырған, теңдесі жоқ сұрмерген атанған халық қаһарманы Ыбырайым Сүлейменов асқан ерлік жасаумен қатар ақынжанды адам болған.
           Ыбырайым Сүлейменов 1943 жылғы 15 қазанда Невель қаласы маңындағы Изога станциясын неміс-басқыншыларынан босату кезіндегі қиян-кескі ұрыстарда қатты жараланып, ажал аузында жатқанда анасы Тынышбалаға, әкесі Сүлейменге, ағалары Сүйіндікке, Ысқақ пен Смайылға, сүйген жары Базаркүлге, қарындасы Аманкүлге, жалғыз қызы Алмагүлге және бүкіл ел-жұртқа құс төресі – қарлығаш арқылы жолдаған сәлемі. Мұны хатқа түсірген қарулас досы аға лейтенант Несіпбай Манашев.
...