0 дауыс
3.5k көрілді
Қыздар кімнің шашы бұйра? Менің шашым бұйра. Енді шашымды түзеткім келеді. Салондарда жасап бередіғо 6 айға. Сондайларды жасатып көрген қыздар барма??? Болса қалай түзетеді ол шашты күйдіріп, зақымдандырып тастамайма??? Және бағасы қанша, ол шыныменде 6 айға түп-түзу болып тұрама??? Соны білейін деп едім,
Шашы бұйралар түзетеді, шашы түзулер бұйралатады... Түсініп болмайсын қыздарды)

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шашты түзулетіп жүргендерді көргенмін бағасын сұрамаппын. Мына бір ақпарат бар екен.

Химиялық құралдар

Химиялық құралдарды қолдана отырып, шашты ұзақ мерзімге түзу етуге болады. Оның әсері шаштың толық қайта жаңаруына дейін дерлік, яғни шаш түбінен толық ұзындығына дейін өскенше жетеді. Осы күнде негізінен үш химиялық түзету құралы қолданылады. Бірінші кезекте натрий гидрототығын қарастырайық. Бұл қоспа сілтілі, айтарлықтай агресивті сипатқа ие. Ол шаштың сабағына оңай еніп, оны шамалы дүмпите отырып, шашқа жұмсақтық береді. Нәтижесінде шаш көлемді, жібектей түзу болып шығады. Алайда натрий гидрототығы арзан және тиімді түзету құралы болғанмен, оны жиі қолдану шаш күйіне кері әсер етеді.      

Гуанидин гидроксидінің химиялық әсері жұмсағырақ деп есептелінеді және сілтісіз түзету құралына жатады. Дегенмен, шыны керек, кей мамандар бұл қоспа шашты құрғатады деген ойда.

Ал ең жұмсақ және зияны аз түзету құралы ретінде аммоний тиогликолят танылған. Ол қымбат болғанымен, ең сапалы препараттар қатарына қосылып отыр.

Бұл құралдардың қай-қайсысы болса да, шаштың құрылысын бұзу арқылы ғана оны белгілі бір мерзімге түзей алады.     

Сұлулық салонында шашты қалай түзу етеді?

Кәсіби шаштараз шашты қарап, әсері дәл сол шаштың сипатына ең тиімді келетін түзету құралын таңдайды. Түзету құралдарымен қатар, шаш қалпын жақсартатын түрлі косметикалық өнімдерді қолданған жөн. Ол мұндай процедурадан кейін шаштың тез қалпына келуіне септігін тигізеді.

Жоғарыда айтылған сәндеу құралдары мен тәсілдерінің барлығы шашты бүлдіретінін есіңізден шығармай, шашты сәндеумен қатар, түрлі маска, майларды қолданып, күтуді де ұмытпаңыздар.
+1 дауыс
Менiкi бұйра)) Ол түзетуiн түзетеді ғой.  Алайда шашты зақымдайды. Ұзақ уақытқа түзу болу ушiн бiраз уақыт қыздырып отырады екен.
0 дауыс
Олар бірнеше айға және 1жылға түзілеп береді, бір сөзбен айтқанда пайдасынан зияны көп. 1 жылға химия жасататын болсаң, ол 3-4 айдан кейін қайта өз қалпына бірте-бірте оралады, себебі сенің шашың 1 жылдың ішінде түбінен бастап бұйра болып өседі. Тағы бір зияны шашыңның табиғи жағдайын құртады (күйеді). Пайдасы біреу ғана, химия жасатып болған соң тек рахат қата аласын, өйткені бірнеше ай ғана бойы сен шашыңды үтіктемей, тез-тез тарайсың.
+1 дауыс
Менікі бұйра емес, бірақ үтіктей бермейін деп жасатқанмын. Тағы 2-3 сыныптас қыздар  да жасақан. Құрбым 1 жылға жасатты , уже 1 жыл болып та қалды, әлі де тік. Негізі  шашыма ешқандай зиян келген жоқ, бұрынғы қалпында. Бальзам-кондиционерлар қолданып, маска жасап, шашты дұрыс күтсе болды. (:
+1 дауыс
Арзан, қымбаттығына қарайды... егер арзан жерге жасатсаңыз 10 мыңнан басталады (шаштың ұзын қысқалығына байланысты)...  шашыңызды 1 апта жумайсыз жасатқаннан кейін... одан кейін бальзамдар, маскалар қолданып шашыңызды күтіп отыруыңыз қажет.. егер оларды қолданбасаңыз шашыңыз қатты болып тұрады... негізі жасатқан жақсы сияқты... шашыңызды жуасызда кептіріп жүре бресіз (жасатпасаңыз жуасыз, кептіресіз, үтіктейсіз деген сияқты))))
0 дауыс

Мен жасаттым кератиновое выпрямление.Шашым өз қалпында және қосымша жылтырап шашыма көлем беріп тұрады.Орал қаласында салонға жасаттым.Бағасы 18000 нан басталады,яғни 6 айға,ал 1 жылға 30000.Мен 6 айға жасаттым жуғаннан соң буйраланып тұрған сияқты болады,бірақ кепкеннен кейін түзу болып тұрады.Салондағылардың айтқаны,3 күн шашыңды жумайсың,шашың 80% тіке болып тұрады қанша дегенмен пушистый болып кішкене ғана көтеріліп тұрады,соны жұп-жұқа болып басылсын десең 1-2 рет утишокпен басуға болады.Менікі 6 айға шамалы қалды,бірақ әлі түп-түзу.Арасында утишокпен да басып аламын.(қатты асыққан кезде немесе бір жерге бара кезде).Менің ойымша ондай асып бара жатқан зияндығы жоқ,қайта шашың жеңілдеп қалады,менің шашыма бәрі қызығады.Өзіме де қатты ұнайды.

0 дауыс
Салондарда кератинмен түзетеді. Бірақ оның құрамында кератиннен бөлек басқа да қоспалар болады. Шашты кератинмен түзету Бразилияда басталған, себебі климатына байланысты ол жақтың адамдарының шаштары бұйра келеді, түзу шашпен жүргісі келетіндерге арнап ойлап табылған нәрсе. Кез келген ыстық нәрсе қолдану шашты кептіріп жібереді, зияны бар.
...