Шашты түзулетіп жүргендерді көргенмін бағасын сұрамаппын. Мына бір ақпарат бар екен.
Химиялық құралдар
Химиялық құралдарды қолдана отырып, шашты ұзақ мерзімге түзу етуге болады. Оның әсері шаштың толық қайта жаңаруына дейін дерлік, яғни шаш түбінен толық ұзындығына дейін өскенше жетеді. Осы күнде негізінен үш химиялық түзету құралы қолданылады. Бірінші кезекте натрий гидрототығын қарастырайық. Бұл қоспа сілтілі, айтарлықтай агресивті сипатқа ие. Ол шаштың сабағына оңай еніп, оны шамалы дүмпите отырып, шашқа жұмсақтық береді. Нәтижесінде шаш көлемді, жібектей түзу болып шығады. Алайда натрий гидрототығы арзан және тиімді түзету құралы болғанмен, оны жиі қолдану шаш күйіне кері әсер етеді.
Гуанидин гидроксидінің химиялық әсері жұмсағырақ деп есептелінеді және сілтісіз түзету құралына жатады. Дегенмен, шыны керек, кей мамандар бұл қоспа шашты құрғатады деген ойда.
Ал ең жұмсақ және зияны аз түзету құралы ретінде аммоний тиогликолят танылған. Ол қымбат болғанымен, ең сапалы препараттар қатарына қосылып отыр.
Бұл құралдардың қай-қайсысы болса да, шаштың құрылысын бұзу арқылы ғана оны белгілі бір мерзімге түзей алады.
Сұлулық салонында шашты қалай түзу етеді?
Кәсіби шаштараз шашты қарап, әсері дәл сол шаштың сипатына ең тиімді келетін түзету құралын таңдайды. Түзету құралдарымен қатар, шаш қалпын жақсартатын түрлі косметикалық өнімдерді қолданған жөн. Ол мұндай процедурадан кейін шаштың тез қалпына келуіне септігін тигізеді.
Жоғарыда айтылған сәндеу құралдары мен тәсілдерінің барлығы шашты бүлдіретінін есіңізден шығармай, шашты сәндеумен қатар, түрлі маска, майларды қолданып, күтуді де ұмытпаңыздар.