Сәлем құрметті сайт қолданушылары, аға-әпкелер!
Қоятын сұрағым ҰБТ жайлы,
ҰБТ-ға 2 ай қалды. Менің таңдау пәнім-биология, Қазір мен қазақ тілінен 19-22, тарихтан 22-24, орыс тілінен 15-15, алгебрадан 12-14, биологиядан-20-20 балл алып жатырмын, 85-86 дан түспей тұрмын, Енді қалай дайындалсам болады? Алгебрадан 18ге жетуіме болады ма, 3 пәнмен шұғылданайын ба, әлде тек алгебраның өзімен ғана ма?
Подготовка к ЕНТ 2015 ті алдым, оның көмегі тиеді ма, Сонымен тест істеп жатырмын, сұрақ кітапшасымен, тағы Қаз тілі,Био, тб 2015 дегендермен тест істеп жатырмын, Қатемді жаттап, Кітаптан/дәптерден оқып оқып жүрмін, Кейбір нәрселер есімнен шығып жатыр, Осы есе сақтауды арттыратын дәрілер бар екен, Құрамында витаминдер бар, осыларды ішіп көргендеріңіз бар ма, көмегі тиді ма,
Түстен соң курстарға барып жатырмын мектепте, Қалай дайындалсам болады ҰБТ дан өткен аға-әпкелер? Кеңес берсеңіздер, Алдын-ала рахмет!