+1 дауыс
8.8k көрілді
Менің таңдау пәнім Биология болған, соңғы пробныйда 21 балл жинадым. Алайда биологияда ешқандай мамандық ұнамағандықтан географияға ауысып кеттім, бірақ қорқып отырмын. Не істеймін? Биологияда медицинадан басқа жұмыс табылатын қандай мамандық бар? География таңдағаныма кейін өкініп қалмаймын ба? (10 сынып)

8 жауап

+2 дауыс
Биологиядан жақсы алып жур екенсiн ғой. Өзiне қолайлысын таңдау керек қой енді.  Болашақта мамандығына көңiлiн толмаса жұмыс жасауға да құлқы болмайды.  Алайда ойланып коргейсин әлi де болса.  Географияга грант аз, әрi балл жоғары болады кейiн өкiнiп қалма.
+2 дауыс
Мысалы, мен соңғы екі пробныйда ғана биологияны таңдап,ҰБТ-дан аз жинап қалдым, 16 ұпай.

Ерте таңдап дайындал,әйтпесе кеш болады.Биологияда медицинадан басқа психолог,мұғәлім,биотехнолог,эколог,лабороториялық диагностика,ветеренарная-санитария.СЭС мамандықтары бар.

Мен саған Биотехнологияны таңда дер едім.
Жұмыс табылады деп ойлайсыз ба, көбі соны таңдайды екен ғой
Табылады,сені оқытқан универ жұмысқа орналыстыруы керек және міндетті.Өйткені бұл мамандық еліміздің дамуына зор үлес қосатын мамандықтың бірі.
Мен мед-ті таңдамағанда Биотехнологияны таңдар едім.
+1 дауыс

Биотехнология саласын оқыған түлектер мына мамандықтар бойынша қызмет атқара алады:ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық кәсіпорындар; өсімдіктерді қорғау бекеттері, балық шаруашылығы мен аң шаруашылығы зауыттары; экологиялық қызметтер мен ұйымдар; ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша зертхана орындары және т.б.

+1 дауыс
Биология мамандық көп.Өзіңе не істеген ұнайды сол бойынша пән таңда
+1 дауыс
Биология бойынша таңдасаң өкінбейсің бірақ қай салада жұмыс жасағың келеді соған қара мамандық таңдаудан шатаспа.Уайымдама бастысы жақсы оқып бітірсең еш жерде қалмайсың.Оның үстіне дипломмен ауылға жобпасы бойынша да жұмыс көп.
+1 дауыс
Географияны таңдама.Биологияға грант көп еще географияға грант аз балы да жоғары.
0 дауыс
Негізінде ауыспау керек еді,әйтәуір ертен жұмыс табылатын мамандық болса болды емес па,главное нәрсе грантқа түсі қай мамндыққа болса да менсінбеуге болмайды.Биотехнология деген жақсы мамандық,грант көп.Өкімет грантқа босқа көп бөлмейдіғой керек болған сон бөледі.Мысалы Юристке грант аз себебі елімізде юристтер толып жүр жұмыссыз көбісі ,солү үшің гранты аз он шақты.

Қай мамандық болса да грантқа түссе болдығой.
0 дауыс
Негізі технолог мамандығы бар, ауылшаруашылықтың кейбір факультеттеріне түссеңіз болады. СЭСке бармағаныңыз дұрыс.
...