Ондай сəттер өте көп. Соның бірі таңдамаған мамандығыма түсіп қалған кезім болды. Конкурсқа бардық. Жанымда Əпкем бар еді. Мамандықтарды, ЖООмен бірге жаза бастадық. 1. Фармацевтика ОҚМФА 2. Химик педагог ОҚМПИ 3. Фарм-технолог ОҚМФА 4. Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы ОҚМУ. Осылайынан жазып шықтым. Əпкем 2інші жəне 3інші мамандықтарды ауыстырып жаз деді. Сонда мен ауыстырып не істеймін бəрі бір бірінші жазған мамандығыма түсемін ғой дедім де парақты бояп өткізіп жібердім. Олай сенімді болғаным 76 балмен алдыңғы жылғы фармацевтикада грант иегерлері бар болған еді. Сомен салыстырып 80 балмен ойнап тұрып түсемін деген ойым болды. Арманым академияның (ОҚМФА) студенті болу еді. Содан қорытынды шықты. Өзімнің академияға емес институтқа түсіп қалғанымды естіп өкіндім. Сондағысы 2 балл жетпей қалыпты. Сол кезде əпкемнің айтқанын істеп екі мамандықтың орнын ауыстыра салуым керек екен ғой деп біраз өкіндім. Содан академияны армандап институтқа түскен соң оқығым келмеді. Мүлде оқымайтын тұғынмын. Бірақ кейін мұғалімдердің білімін, шеберлігін көріп сабаққа қызығып оқи бастадым. Қазір өз институтыммен мақтанамын.