+2 дауыс
117k көрілді
Менің тісім қатты ауырып жатыр. Тіс ауырғанда не істеуге болады үй жағдайында?

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Анальгин дәрісін тісіңізге басыңыз.

Оны ішсе де болады,маған көмектескен))
Шын ба не)))))))))))))
Қай жылғысың?
АЙТАДЫ ДЕП ОЙЛАЙСЫҢ БА?))))))))))))
Явно 15-тен аспағансың )
ҚАЙТЕСІҢ А?
+3 дауыс
Ауырған тісіңізге үй жағдайында чеснок бассаңыз болады.....
Көмегі шамалы..
Бірақ азда болса көмектеседі....
Рахмет мен сіздер айтқан жағдайды жасап тіс ауруынан айықтым
+1 дауыс
Ен жақсы жолы спитртіі суға араласатырп аузынызды шайыныз.Бес алты рет шайыныз сонда микроба кетеді.Менің тісім содан қойған
Ішіп алса да болады мастықтан сезілмейді ))
+1 дауыс
Тісім ауырса тұз сумен шаямын қайта қайта сосын ашылған сарымсақты 2-ге бөліп,қолдың ішкі білезік жағына дәкемен таңып қоямын аз уақытта әсер етеді.Негізі дәрігерге қаралу керек тісіміз қойса ұмытып кетеміз ғой.
+2 дауыс
Тіс ауруынан құтылу жолдары

Егер сіздің тісіңіз қақсап, маза бермей ауыратын болса, бірден дәрігерге көрініңіз. Себебі, бұл тіс ауруынан құтылудың ең оңай жолы. Алайда, өкінішке орай ауру айтып келмейді. Ол кей жағдайларда ең бір қолайсыз сәттерде туындайды. Мысалы, кешкілік уақытта. Сол кезде жаныңды қоярға жер таппай, ары-бері қозғалшақтап, еріксіз көзіңнен жас сорғалайды. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Жауап төменде.

Сіздерге тіс ауруынан құтылудың әдістерін айтпас бұрын кішігірім ескерту айта кету қажет. Біз айтайын деп отырған ем-дом шаралары тек тістің ауруын қойдырады, ал толық емді тек дәрігер ғана көрсетеді.

Тістің қақсап, сыздап ауыратыны белгілі. Сондықтан, біріншіден, тіс ауруын қойдырудан бұрын, ми жүйесін алаңдатуымыз керек. Ол үшін ежелден келе жатқан халық медицинасын пайдаланамыз. Қолыңызға сарымсақтың бір тал кеспесін алып, оны екі бөлікке кесіңіз. Одан кейін екіге бөлінген сарымсақты ауыратын жеріңізге апарып басыңыз. Сарымсақты тіске неғұрлым жақынырақ қойсаңыз, соғұрлым ауру тез қояды. Сарымсақ шырыны тістің тамырын жылдам тыныштандырады. Бұл шамамен 5-10 минутқа жалғасады. Осы уақыт аралығында сырқат жайлап басылады.

Екінші әдіс. Бір бума мақтаның кішкене бөлігін алып, оған жарты қасық көлемінде ас содасын себіңіз. Ас содасы төгіліп қалмас үшін оны орағаныңыз жөн. Кейін компресті ауырған жеріңізде 10-15 минут ұстаңыз. Осы уақыт ішінде ауру бірнеше есе күшеюі мүмкін, бірақ сәл шыдамдылық танытсаңыз, ауру ізсіз жоғалады.

Үшінші әдіс. Арнайы тіс ауруын қойдыратын дәрі-дәрмек пайдалану. Мысалы, Баралгин, Нурофен, Анальгин, Кетанов, Кетанол.
+1 дауыс
Дәрігерге көріну керек.Немесе ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деген сондықтан тісті күту қажет
0 дауыс
Зубной паста жағып қой ауырған жері
0 дауыс
Аяғым  ауыр тізім ауырады жұлдыртуға болама? Балаға  зияны  барма?
0 дауыс
тісім қақсап барады кешке бастады ауырып тіс дәрігерге барғанша нестеу кере
0 дауыс
Мен тісімді жулдырттым сондада ауырғаны басылар емес кулак басыма дейін каксатады тамағыма без шыкканба тістен асіресе тунде ауыртад
0 дауыс
Ас содасын койса басама
0 дауыс
Менікіде дəл солай ауырады. Басым ауырып кулагым шаншып каксайды  Тамагым жутындырмай ауырады. Тіс ауырганнан  іріңдеп жайылып кетпедіме деп қорқамын.
0 дауыс
Негізі ол тесік болса пломба салмаинша қоимаит. менде сондаи болд азу тісімде сосн барп тіс аурун ұмттм
0 дауыс
Онда кетонал немесе аналгин дәрісін іш

Ұқсас сұрақтар

...