+1 дауыс
1.1k көрілді
Жақау Дәуренбеков өмірбаяны туралы мәліметтер керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақау Дәуренбеков (21. 10.1946 жылы туған, Арал ауданы, Сарбасат ауылы) – жазушы, журналист.

ҚР Баспасөз және полиграф ісінің қайраткері (2005). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1971).
Алғашқы «Бөгенауыл балалары» атты кітабы 1970 жылы жарық көрген.
1971 – 1980 жылдары жастар газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
1980 – 1993 жылдары «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,
1994 жылдан «Ана тілі» баспасының директоры.

Шығармалары

Дәуренбековтің «28 комсомол билеті» (1978), «Күн ұясы» (1984), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001) атты кітаптары жарық көрген. Жазушының «Күн ұясы», «Саяқ» повестері «Жалын» журналының жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.

Жетістіктері

Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 жж.).
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.
Бірнеше дүркін Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Рақымбекова Шұға, мұғалім. Ұлы -Дәуренбеков Бабыр (1973 жылы туған ); қыздары – Дәуренбекова Жанар (1975 жылы туған ), Дәуренбекова Жұлдыз (1979 жылы туған ).
...