0 дауыс
986 көрілді

Менің өзіме ұнамайтын, бірақ өзгерте алмай жүрген әдетім бар. Мысалы, бір әншіні ұнатып жүріп, сәлден кейін оның атағы шығып, әндері хит боп кетсе, елдің бәрі оны жақсы көріп кетсе, маған ұнамай қалады. Мен ұнататын әндерді, киноны басқалардың жақсы көргенін қаламаймын. Адамдармен қарым-қатынаста да дәл солай. Менің жан досым біреу ғана (басқа достарым көп, әрине). Мен де оның жар дегенде жалғыз жан досы болғым келеді. Жалпы алғанда, өзім қатты жақсы көретін нәрсені ешкіммен бөліскім келмейді. Ал былай өзімді жомарт адамдардың қатарына жатқызам, ешкімге қолымда барды аямаймын. Бұл қызғаншақтық па? Араларыңызда осындай адам бар ма? Қалай арылуға болады бұл әдеттен?

 

Мен бұл сезімді қызғаншақтыққа балаймын. Мен де сондаймын мен араласқан адамның басқа біреумен араласқанын қарамаймын. Қысқаша айтқанда ешкіммен ешкімді бөлісе алмаймын. Заттарға келгенде ондай емеспін. Тек адамдарға. Оны жеңе алмай келе жатқаныма көп уақыт болды
Солай ма?! Солай болса игі еді. Мен де дәл сіз сияқтымын. Заттарға келгенде мүлдем мән бермеймін. Үш адамнан тұратын достықты ұнатпаймын, әсіресе. Өзімді екеуінің арасына қыстырылып жүргендей сезінем... Бірақ елден сұрасам "бәрі тек менікі болса екен" деген қызғаншақтық емей немене дейді((

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мысалы менің жұбайымның бір ғана жұбайы болғанын қалаймын, бұл да сол сияқтығо ) Мән берме сабағыңды оқып жүре бер)
+2 дауыс
Сендегі сезім бәрін қиратушы -қызғаншақтық.Кез келген қызғаншақ адамның мақсаты – мейлі ол парасатты болсын, өресі тар адам болсын – таңдаған адамының тұлғасын бағындыру болып табылады.Бұл өмірде қызғанышқа бәріміз бейімбіз.Кейбірі туа бітті сондай болады.Кейбірі, отбасында жалғыз болғандықтан, ешкіммен ештеңені бөлісе алмайтын өзімшіл, қызғаншақ болып өседі. Бірақ егер адам осы жолды таңдаса, қызғаныш бойын түбегейлі дендеп алады.Сондықтан оны жеңу өте қиын.Сіз өзіңіздің бойыңыздағы сол қызғаныш сезімді кішкене болса да жеңу үшін әрдайым күмәнді ойдан аулақ болыңыз және тез шешім қабылдамауға үйреніңіз.Тек іштей сеніңіз,сонда бәрі жақсы болады.
+1 дауыс
Көптің бірі болғыңыз келмегеннен шығар, сіз онда көпшіліктен ерекше ойлайсыз) Меніңше қызғаншақтың емес, тек көпшіліктің арасында қалып қоймай, ерекшеленгіңіз келген сияқты, С праздником однако )
+1 дауыс
Иа бұл қызғаншықтық.Бұл қасиеттен арылу керек секілді
+1 дауыс
Бұл қызғаншақтық емес, iштарлық...
іштарлық деген көре алмау ма?
Типа того.......
Маған бәрі көрінеді)))
...