+1 дауыс
547 көрілді
Команда сапында ең көп ойын өткізген ойыншы кім ?

1 жауап

+2 дауыс
Египет құрамасының ойыншысы Ахмед Хассан – ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы. 29 ақпан күні ол Египет құрамасы сапында 179-матчын өткізді. Египет пен Нигер арасындағы жолдастық кездесудің аяқталуына 14 минут қалғанда Ахмед алаңға шығып, әлемдік футбол тарихында жаңа рекорд тіркеді. Осылайша, Катар астанасы Дохада өткен матч 36 жастағы жартылай қорғаушы үшін өте маңызды болды. Бұл ойында Ахмед Хасанның командасы бір доп айырмасымен жеңіске жетті.

Ахмед 1995 жылдан бері Египет сапында алаңға шығып келеді. Осы уақыт аралығында өз елінің намысын қорғай жүріп, 32 гол соққан. Ал осыған дейін ұлттық құрама сапында футбол ойнаудан көш бастап келе жатқан Сауд Арабиясының қақпашысы Мұхаммед әл-Деа болатын. Ол қазір 178 матчпен екінші орында тұр. Еуропа елдері бойынша ұлттық құрама үшін ең көп ойын өткізген Латвияның жартылай қорғаушысы Виталий Астафьев екенін естеріңізге сала кеткіміз келеді.
...