0 дауыс
572 көрілді
Құрама сапында ең көп ойын өткізген фтболшы кім ?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Али Даеи. 1993-2006 жылдар аралығындағы Иран ұлттық құрамасының футболшысы. Осы уақыт ішінде Әли ұлттық құрамасы үшін 149 ойын өткізіп, қарсыластарының қақпасына 109 гол соққан. Әзірге бұл межені өзгертуі мүмкін футболшы Ирландия құрамасының ойыншысы Робби Кин. Биыл 35-ке толатын Робби өз елінің бас командасында 1998 жылдан бері ойнап келеді. Содан бері Ирландия үшін 135 ойын өткізіп, 65 гол соққан. Осы көрсеткішке қарап-ақ Әлидің биігі әзірге ешкімге бағынбайды десек, артық емес.
0 дауыс
Ахмед Хассан – ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы. 29 ақпан күні ол Египет құрамасы сапында 179-матчын өткізді. Египет пен Нигер арасындағы жолдастық кездесудің аяқталуына 14 минут қалғанда Ахмед алаңға шығып, әлемдік футбол тарихында жаңа рекорд тіркеді. Осылайша, Катар астанасы Дохада өткен матч 36 жастағы жартылай қорғаушы үшін өте маңызды болды. Бұл ойында Ахмед Хасанның командасы бір доп айырмасымен жеңіске жетті.
Ахмед 1995 жылдан бері Египет сапында алаңға шығып келеді. Осы уақыт аралығында өз елінің намысын қорғай жүріп, 32 гол соққан. Ал осыған дейін ұлттық құрама сапында футбол ойнаудан көш бастап келе жатқан Сауд Арабиясының қақпашысы Мұхаммед әл-Деа болатын. Ол қазір 178 матчпен екінші орында тұр. Еуропа елдері бойынша ұлттық құрама үшін ең көп ойын өткізген Латвияның жартылай қорғаушысы Виталий Астафьев екенін естеріңізге сала кеткіміз келеді.
...