0 дауыс
2.1k көрілді

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
![description][1]

Бил Геитс жайында мағлұматтар
Гейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президенті. Онымен бірге «Майкрософт» туған еді. Әлемдегі ең бай адам, Билл Гейтстің жеке байлығын есептеудің мағынасы жоқ. Ең биік шыңында ол 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, қайта жасады. Мемлекет «Майкрософтпен» сотта- сады, президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны – оның кенже баласы – қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40,7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.
Өмірі
Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директор- лар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді.
Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мек- тепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді.
Өмір бойы Гейтс өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата- анасы болды. Биллдің анасы – Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Түскі ас кезінде ол Биллді асқа шақырды. Ол жауап бер- меді. Соңында шыдамаған ол интерком арқылы сұрады:
– Неге жауап бермейсің? Не істеп жатсың?
– Мен ойланып жатырмын, – деп жауап берді ұлы.
– Демек сен ойланып жатсың ғой? – деп ызаланды анасы.
– Иә, мамашым, мен ойланып жатырмын. Ал сен өміріңде ойланып көрдің бе? – Ұлы жанжалға дайын тұр еді. Гейтс бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын еді.
Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатр көмегіне жүгінді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр былай деді:
«Ұлдарыңмен айқастан сіздер жеңілесіздер. Сондықтан мен оған жол табуға кеңес беремін. Тіпті физикалық жазалаудың өзі көмектеспейді. Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз». Гейтстің ата-анасы саналы адамдар болатын еді. Олар кеңеске құлақ түрді. «Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз» ... Жылдар өтті, америкалық бизнестің көптеген алыптары өз тәжірибесінде «онымен бәсекелесудің» не екенін біл- ді. Екі онжылдық аралығында Вильям Генри Гейтс III көптеген бәсекелестерді шаң қаптырды. Бірақ ең басты- сы – әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды.
Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сы- ныбы үшін бағдарламасын жасады.
Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды арман- даушы едік, – деп есіне алады Гейтс. – Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, – деді Гейтс, – бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын».
Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді. Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен жур- нал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Таны- мал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, олар- да Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды.
«Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді Гейтс.


  [1]:
+2 дауыс
Билл Гейтс - америкалық корпорации Microsoftтың мұрагері.Ол 30жасында миллионер  болды.Ең бірінші миллиардын 31жасында тапты...
ммм....рахмет...
...