0 дауыс
817 көрілді
Менің тұрмысқа шыққаныма 3 толып жатыр ортада бала жоқ, сол себепті ұрыс жанжал жиіледі десемде болады. Маған кеңес керк,кеуім мені тыңдағысы келмейді. Қалай  ұрыссыз жеңуге болады?

3 жауап

0 дауыс
Сабырмен күтіңіз егер емделмеген болсаңыздар жолдасыңызды көндіруге оның анасы көмектесуі керек болады.Ол үшін сіз жолдасыңызға еш қарсы сөз айтпаңыз,сіз ақталғыңыз келгенмен ол түсініп тұрса да мойындағысы келмейді.Сондықтан уақыт көрсетеді,сабыр қылыңыз.Еркектер емделуге бірден келісе қоймасы анық. Менде де 3 жыл уақыт өтіп,сосын емделдікта қазір бәрі ұмытылды.Шыдаңыз,бәрі жақсы болады.Сіз бәрін де жеңесіз,тек берілмеңіз!

Отбасы бақытына жетелейтін 15 ереже

1. «Рақмет» айтыңыз

Әдетке айналған қарапайым ризашылық білдіру, отбасын жағымда ауа-райына бөлейді. Күйеуіңіз сіз айтпасаңыз да үйді жинап қойды ма? Сіздің табысты жұмыс істеп жүргеніңізді байқады ма? Шынайы ризашылығыңызды, жаныңызда зейінді адам жүргеніне қуанышыңызды білдіріңіз.

2. Нені ұнататыныңызды айтыңыз

Әрине, күнделікті «мен сені сүйемін» деген сөздер шынайы өмірден гөрі, мелодрамаларда жиі айтылады. Бірақ күйеуіңіз сізден күнделікті жақсы сөз естіп жүргеніне көз жеткізіңіз. Оның артықшылықтары мен іс-әрекеттеріне қошамет пен қолдау білдіріңіз, жай ғана: «Сен сондай керемет адамсың!» дегеннің өзі не тұрады?!

3. Күйеуіңіз үшін киініңіз

Біз көбіне қонаққа барғанда немесе құрбыларымызбен кездесуге барғанда боянып-сыланатынымыз бар. Бірақ біз ең алдымен күйеуіміз үшін сәнденуді әдетке айналдыруымыз керек. Ол қай көйлегіңізді ұнататынын біліп алыңыз, онымен ақылдаспай шаш үлгіңізді күрт өзгертіп тастамаңыз, ал жексенбілік қыдырыстарға ыңғайлы джинсы емес, әдемі белдемшені таңдаңыз.

4. Оның жағында болыңыз

Есіңізде болсын: сіздер бір кездері ортақ шаруашылықты жүргізуге шешім қабылдаған ересек адамдар емессіздер, сіздер – бір командасыздар. Ал жақын адамдар әрдайым бір-бірін қолдауға асығады. Сондықтан барлық жағдайда күйеуіңіздің жағында болыңыз – түрлі дау-жанжалдарда, жұмыстағы келеңсіздіктерде. Бұл оның жеке психотерапевті болу дегенді білдірмейді, бірақ күйеуіңіз не болса да сіз оны қолдайтынына сенімді болуы керек. Және, туған-туыс, дос-жаран мен әріптестерінің көзінше оған ескерту айтпаңыз. Тек оңашада және оның сезіміне қаяу түсіріп алмай айтқаныңыз жөн.

5. «Тамаша идея» деген сөзді жаттап алыңыз

Көптеген отбасыларда ұрыс-керіс әйелі күйеуін тым қияли санайтынынан, үй жағдайын ойлаудың орнына өз арманын іске асыруға асығатын жауапсыз деп ойлайтынынан шығады. Күйеуіңіздің тағы бір идеясы аса жағымды болмаса да, «Бос сандырақ» деуге асықпаңыз. Бір сәтке кідіріс жасап, үшке дейін санаңыз да: «Қызық идея екен» деңіз. Күйеуіңіз де бірдеңені қалауға, соған қол жеткізуге және арманын іске асыруына құқығы бар.

6. Онымен бір адам болуға тырыспаңыз

Ерлі-зайыптылардың әрқайсының өз жеке кеңістік шекарасы болған жөн. Сондықтан өз қызығушылықтарыңыз бен әуесқойлығыңыз болғаны жөн және егер екінші жартыңыз бұған қандай да бір себептермен ортақтаса алмаса немесе кейде өзімен-өзі болғанды қаласа түсіністікпен қараңыз. Егер екеуіңіз де бір-біріңіздің қажеттіліктеріңізді сыйлай алсаңыздар, бұл отбасын берік етеді.

7. Жақсы отанасы болыңыз

Үй тірлігін міндетсімей, тау қопарып жатқандай жасамаңыз. Тұрмысты оңтайландырудың заманауи әдістерін қарастырыңыз. Артық заттар мен қажет емес заттарды шығарып, кеңістікті ұтымды үйлестіру, мәзір жоспарлау – мұның бәрі үйдің берекесін келтіріп, ерлі-зайыптыларға тұрмыстық ауырлық түсірмейді.

8. Сұрақ қойыңыз

Жұбыңызды қаншалықты жақсы білемін дегенмен, адамдардың ойы, көзқарасы уақыт өте келе өзгереді. Сондықтан кейде одан: отбасылық өмірден не қалайтынын, өмірден, сізден не қалайтынын сұрап тұрыңыз. Нені армандайды? Нені қалайды? Бір-біріңізді түсінген сайын отбасылық үндестік орнайды.

9. Оны өзгертуге талпынбаңыз

Жақын адамыңды ешқандай шартсыз жақсы көре білу, оны қалай бар, солай қабылдау – бұл бақытты отбасын құрудың басты қағидасы. Бірақ көбі мұны ұмытып кетіп жатады. Оны кейде (немесе әрдайым) «жақсартқыңыз» келетін, «қайта тәрбиелегіңіз» келетін және жалпы одан әдепті адам жасағыңыз келетін ықыласыңызбен күресіңіз.

10. Оның күшіне сеніңіз

Күйеуіңіз ересек адам, және оған екінші ана немесе қатал мұғалімнің қажеті жоқ. Ересек адам балаларға тамақ дайындай алады, демалысқа шабаданын өзі жинай алады, өзіне киім таңдап, тіс дәрігеріне де өзі жазыла алады. Оның мәселесі ме? Өзі шешіп үйренсін. Күйеуіңізді жақсы көрсеңіз ешқашан оған:

Мен саған айттым емес пе?!
Болмайтын бағдарламаларды көреді екенсің!
Сөйлесуміз керек.
Мен мұның бәрін сен үшін жасап жатырмын!
Еркек болсаң, бүйтпейтін едің... сынды сөздер айтпаңыз.

11. Қателесуге құқығы бар

Үнемі жылы шырайлы жүретін, ешқашан кешікпейтін, әрқашан уәдесінде тұратын, тамақты керемет дайындайтын және тамаша отағасы және әке бола алатын әлемде мінсіз адам жоқ. Жалпы бір-біріңді шалыс басу мен қателік үшін жазғырып отыру – үлкен қателік!

12. Кінәлі сезіндірмеу

Егер адамның қателігін бетіне баса берсе, ол өзін кінәлі сезініп, ол адамнан қорғаштана бастайды, ал кейін тіпті алыс жүруді армандайды. Ұрыс кезінде «Сен мені жақсы көрмейсің!» дегеннен гөрі, ренішті нақты және сындарлы жеткізуді үйреніңіз. Егер күйеуіңіз шынымен көңіліңізге қаяу түсіретін қылық көрсетсе, оның да қателігін жуып-шаюға, түсіндіруге құқығы бар. Және сіз де оның шынайы кешірімін қабылдап, ренішті өткен шақта қалдыруға тырысуыңыз керек.

13. Сұқбаттас адамы болыңыз

Және бұл тек тұрмыс жағдайына тірелмеу керек. Әлемде түрлі қызықты оқиғалар болып жатыр, оған деген көзқарасыңызды, ойыңызды күйеуіңізбен бөлісіңіз. Оған қызықты тақырыптарды сабақтастыра алыңыз. Ол сіздің жан-жақты адам екеніңізді білуі керек.

14. Тыңдаңыз

Күйеуіңіз қандай да бір мәселені айтып жатса, мұқият тыңдап, онымен эмоционалды байланысқа түсіңіз. Ол үшін оның сөзін қайталап сұрау да жеткілікті. Мысалы, «Демек, бастығың саған жаңа жоба ұсынбақшы ма?» және оның сезімін бақылап, «Сен риза болған шығарсың?» деген болжамыңызды айтып, өз сезіміңізді де қосыңыз: «Мен де мұндай мүмкіндікке риза болар едім, бірақ жауапкершілігі де жоғары ғой».

15. Шынайы болмысыңызды жоғалтпаңыз

Күйеуіңізбен шынайы болыңыз, бетперденің астында тығылмаңыз. Өз сезімдеріңіз, қалауларыңызды жасырмай айтыңыз. Осылайша бір-біріңізді жақсы түсінетін боласыздар. Әлбетте, сіз әлемдегі ең керемет ару емессіз, бірақ ол дәл сізді жақсы көреді ғой!
0 дауыс
Күйеуіңіз бала үшін ұрсысып жүруі мүмкін. Басқа жағдай да болуы мүмкін. Негізі бала көтере алмауыңыздың себебін анықтап, сонымен күресіңіз. Ұрыстың басты себебі сол болуы мүмкін.
0 дауыс
Мамандарға қаралып, ақыл-кеңес, ем-домын қабылдаңыздар. Тек қана әйел адамды кінәлап қоюдың қажеті жоқ. Сабырлықпен жақсылыққа үміттеніңіздер!
...