Денсаулық, Әдемілік | 89.3k қаралды
89.3k қаралды
Тұрмысқа шыққаныма 4 ай болды әлі бала көтере алмай жүрмін не істеймін айтындаршы.

16 жауап

Перзент көтеру хақында
Ырымға қатысты

Қазақта «қыздың артынан ұл ерсін» деген ниетпен қызға ұл есімін беріп жатады. Ал, орыстың әжелері қызды болғысы келетін жас жұбайлардың төсек астына бантик, тарақ жастанып жатуды, ұлды болғысы келетіндерге ойыншық машина, пышақ қоюға кеңес береді екен.

Немістердің болжамы бойынша, жаңбырлы күні қыз көп туылады. Ежелгі грек дәрігері Эмпедоклдің есептеуінше, әйел ыстықта – қыз, суықта – ұл кө-тереді. Жаңазеландиялық зерттеуші В.Грант «Ұл бала еркі мықты, ержүрек әйелден туылады», депті. Белсенді әйелдің организмінде еркектік гормон-тестостеронның көп болуы «өзіне тән» сперматозоидтарды қабылдап отыратынын алға тартады. Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге ұл келеді. Өйткені, беті аулақ, аяқ асты жігіт үйленгісі келмей қалған жағдайда нәзік жыныстыға тірек болатын еркек сол болады дейді. Жұбайлар сәби жоспарламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған болса – қыз, 3-4 күнде бір жыныс қатынасына түсетіндерде ұлдың өмірге келуі ғажап емес дейтіндер де бар.

Сосын, қайсысының махаббат сезімі күштірек – балаға соның жынысы беріледі деп сендіретіндер де жетерлік.

Жыныстық қатынаста еркектен бұрын әйел солығын қандырып, бойынан бірінші жіберу керек. Сосын барып қана еркекке белін босатуға рұқсат. Ал, егер керісінше болса, әйелдікі еркектікін «басып тастайтын» көрінеді. Бұл ұлды болғысы келетін жұптарға арналған кеңес.

Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ аспаса болмайды: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашпақ дейді. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деп дәлелдеп те береді.

Мына бір үрдіс көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізді.

Астрологтар болса, жұлдызнамаға сенуге ша-қырады. Егер сіздің жүктілігіңіз әйелге тән Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келуін күте беріңіз. Суқұйғыш, Сарышаян белгісінде басталған жүктілік ұл баланың дүниеге келуімен аяқталады. Сандарға қатысты

Егер әйелдің жасы жұп санға келіп тұрса, онда жұп санды айда қыз көтергісі келетіндер ұтымды пайдалансын (жұп санды ай ақпаннан басталады). Ал жасы тақ санға дөп келсе, тақ санды айды таңдауы керек. Ұл сүйгісі келетіндер керісінше, жасы тақ санға келіп тұрса, жұп санды айды, жасы жұп болса, тақ санды айды өткізіп алмағаны дұрыс екен.

Ғалымдардың пікірінше, адамның жыныстық қа-тынастағы қарқындылығы да бала жынысына әсер етеді екен. Төсек мәселесінде белсенді болсаңыз, ер-азамат, әйтеуір бір кезде тағдыр сізге ұл сыйлайтынына күмәнданбаңыз. Еркек гиперсексуальді болған кезінде, яки жас отбасыларда көбіне ұл туылатынын статистиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отызға қарай, керісінше, қыз баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар, жас үйленгендердің көпшілігінің тұңғыштары ұл да, екіншісі қыз болады екен. Сонымен, егер төсек қатынасында әйел белсенді болса – қыз, еркек белсенді болса – ұлдың дүниеге келуі мүмкін, дейді орыс ғалымдары.

<br>
Бедеуліктің себебін анықтау

Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру арқылы анықтайды.
 Әйелге гинеколог, ал еркек урологқа қаралуы қажет. Еркек бедеулігі перзент сүйе алмай жүрген некелік одақтың 40-50 пайызында кездеседі.

Еркекке қажетті тексерулер:
 1. Спермограмма — сперманың ферменттілігін анықтау (әсіресе ұрықтануға);
 2. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу;
 3. Шуварский әдісі — жыныстық қатынастан 2,5-3 сағаттан кейін шырыштан сперматозоидтардың қозғалғыштығын, екі жастың иммунологиялық сәйкестілігін анықтайды.

Әйелге қажетті тексерулер:
 1. Анамнезін мұқият қарау.
 2. Өмір тарихы.
 3. Өткен жүктіліктері және олардың нәтижелері.
 4. Бедеуліктің ұзақтығы.
 5. Контрацепция әдістері.
 6. Жалпы аурулары.
 7. Дәрілік заттарды қабылдауы.
 8. Әйел жыныс ағзаларының қабыну аурулары, жатыр мойынының және сүт бездерінің аурулары.
 9. Операциялары.
 10. Зиянды әдеттері.
 11. Тұқымқуалаушылығы.
 12. Етеккірінің тұрақтылығы.
 13. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу.
 14. Ректальді температура — овуляцияны анықтау үшін шамамен 3 ай өлшенеді.
 15. Гормон деңгейлерін анықтайды: тестостерон, ДЭА, пролактин, қалша бездерінің гормондары, олар эндокринді бедеуліктің себебін анықтайды.
 16. УДЗ – гинекологиялық ауруларын және даму ақауларын анықтау үшін қолданылады.
 17. Бастың рентгенографиясы, гипофиз ісіктерін шығарып тастау үшін.
 18. Көз түбін және көру алаңын тексеру, ол да гипофиз ісіктерін анықтау үшін.
 19. ГСГ (гистеросальпингография) жатырға контрасты затты жібергеннен кейін кіші жамбасты рентген суретке түсіру, ол жатырдың шырышты рельефін және көлемін, жатыр қосалқыларының функциональді өткізгіштігін анықтайды. Етеккір басталудан 6-7 күн бұрын жасалынады.
 20. Лапароскопия — операция, ол кезде науқастың құрсақ қуысына оптикасы бар аспап кіргізеді, оның арқасында ішкі жыныс ағзаларының жағдайын толығырақ көруге мүмкіндік алып, анықталған бедеуліктің себебін хирургиялық коррекциялауға болады.
<br>
Бедеулік және оның себептері
Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болады. Бала тууға қәбілетті жастағы әйелдердің сәби сүйе алмауын “бедеулік” деп атайды. Бедеуліктің себептері мен диагностикасы және одан құтылудың жолдары туралы қысқаша осы мақаламызда әңгімелейтін боламыз.

Бедеулік деген не?

Бедеуліктің анықтамасын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы былай деп берген: “Тұрақты түрде жыныстық қатынаста болған әйелдің бір жыл ішінде жүкті бола алмауы”.

Әдетте тұрақты түрде жүкті болып қалудан сақтанусыз жыныстық қатынаста болатын жұбайлардыр балалы болу ықтималдылықтары 25-30 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз денсаулығында ақауы жоқ, басқа да себептері жоқ жұбайлардың бір жылдың ішінде жүкті болулары қалыпты жағдай дегенді білдіреді.

Бедеулік неден пайда болады?

Бедеулік жағдайларының 30-40 пайызында әйелдің жатыр түтікшесі болмайды немесе дұрыс жұмыс жасамайды (ұрықты өткізбейді); 30 пайызында фолликулдердің жетілмеуі мен овуляция процесінің дұрыс жүрмеуі; 30 пайызында еркектен бөлінетін сперматозоидтардың аз болуы немесе сапасыз болуна байланысты болса, бедеулік жағдайларының қалған 10 пайызы басқа да түрлі себептерге байланысты болады екен.

Бедеулік мәңгі емес

Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмірбойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмау керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен арылу ұзақтығы әр әйелде әрқалай болады. Оның бекітілген мерзімі мен берілетін 100 пайыздық кепілдігі жоқ.

Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары: үміт және сабыр. Бұл екеуінен кейінгілеріне білікті маманның кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.

Бедеулікті анықтау (диагностика)

Бедеуліктен құтылудың ықтималдылығын арттыратын жағдайлардың бірі — ауруды ерте анықтау. Ерте анықталған бедеулікті емдеу де ерте басталады. Бедеулікті анықтау мен емдеу процесіне әйелдің жолдасының да қатысуы маңызды. Өйткені бедеулік тек жүкті бола алмай жүрген әйелдің мәселесі емес, отбасының, әулеттің мәселесі.

Қазіргі таңда медицинада бедеулікті анықтау барысында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:
жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабылетін тексеру;
әйел мен еркек қандарындағы гормондарды тексеру;
Спермограмма – шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру;
ультра-дыбыстық зерттеу арқылы жатыр мен аналық жыныс безінің жағдайын (күйін) тексеру;

<br>
Ақпа
Жақсы Жауап
Белгісіз
Жатарда дәрет алып, Бисмилләх,Аллахуммә жәннибнәш-шәйтанә,уә жәннибиш-шәйтанә мә разәқтәнә деген дұғаны айт. Мағынасы: Ей Аллах бізден шайтанды аулақ ет,әрі бізге нәсіп ететін перзенттен де шайтанды аулақ ет! Сосын көбіне азанда төсектен тұрмай жатып жақындасу керек.Себебе,сол кезде базальная темпер.37,2 болады да  көтеруге мүмкіндік мол.Сосын айлық белгінің күнін есептеп 3ке бөліп 2ші 10 күндігінде жақындасуға тырыс.Одан кейін бірден тұрып кетпе төсектен,аяқты жоғары көтеріп жата тұр.Ең бастысы сенім! Гинеколог маманына қарал!
мәссаған мұндай сұтаң қалырақтар да қойылатын болған ба?
толық әрі нақты жауаптар беріліпті!  алып-қосарым жоқ!
иа. Қойылған  сұраққа жауап өте толымды екен.  Негізі бала көтере алмау  мәселесі өте күрделі нарсе. Оның жауабын али кунге дейін ешкім дал тауып  алмайды. Алладан ғана үміттен.

Менің бір естіген ырымдарым бар ; 1. Босанған әйелдің іш киімін не басқа да киімдерін ырымдап кию, 2. Жатын бөлмеге Фикус гүлін өсіру, 3. Аяағы ауыр әйелге маған қарап түшкір деп айту.... Негізі әуелі Алла деп Алладан ниет етіп сосын барып әрекетке көшуге болады.yes

Жасасынды ұрықтануға кір.
Саламатсыздарма?! Меним тумаганыма 8 ж колеми болды. 2014 ж бир трубкамды алып тастады он жактагы бала трубкага биткен деп. Содан али котере алмай жатырмын. Ойланып толганып бир шешимге келе алмай журмин. Медецина жагынан корину тиспе алде казакшыдыкпа тусинбей калдым.
Мен де де сиздикиндей жагдай болган еки жыл котере алмай журип котергенимде сол жак трубкама биткен бала,одан кейин инфекциядан узак емделдим котере алмадым,хламидия бар болып шыкты,солай ажырасып кеттик,бала болмай,Аллага шукир казыр аягым ауыр екинши рет отбасы курдым ,бир орыс апанын айтуымен шоп дары ишип еки айдан сон котердим,ешкандай кыйындык болган жок ,ол шоп алматыда Шолхово базарында травник деген дарыханада бар,Тройчатка ,еш зияны жок коп нарсеге ем киста миома ,суык тиген ,спайка,инфекцияга да,мен де коп кыйналдым бала котере алмай,жаксы тусинемин сизди ,Алла жар болсын,биреулерге ем болып саби котерип жатса куанышты болар едим
Маган бала котертен дари барма кандай дари бар комектешиш
Саламатсыздар аналар мен болашак аналар!Бір біріңізге тілекші кеңесші болып жатырсыздар рахмет!менде де сол жағдай тұрмыс курганыма 3ай болды ..бала көтере алмай жүрмін!Əуелі Алла содан кейін адамдар ...дәрігерлер себепкер ...анализімде ЦЛВ цитемоголавирус бар екен ол каншалыкты кауіпті. ..сосын проходимость труб дейді екен кай жерде тусірсем болады екен?рахмет!
Салеметсиздерме мен турмыска шыкканыма 3 ай болды котере алмай журм калай котеруге болады
Салеметсизбе мен турмыска шыкканыма 3 ай дан асып кетти. Мен наресте суйе алмай журмин
саламатсиздерме менин Аллага шукир 1 улым бар енди масаелем тагы котере алмаи журмин генколк тексерилдим инфекция бар деп ем алдым ондада котермеди енди каралып едим эрозия бар деиди енди емделип жатрмын канша ем алсамда котере алмаи журмин не себеп екенин биле алмаиааккоидым

Бала котере алмай журген жандарга Алла дуга тилектеринизди кабыл етсин осындай такырыпты окысам менинде журегим ауырады менинде бала суйгим келеди ана бакытын сезингим келеди Алладан умитимди узбейминcrying

Балалы бола алмай жургениме коп 2жыл болды. Двухсторонный сальпингит деди не проходимый труба деди калай емделсем болады кандай ем жолдары бар?
күн қайырлы болсын баршаңызға. Менің тұрмыс құрғаныма 4 ай болды. Əлі көтере алмай жүрмін. күйеуім айтады:Құдайдың бергені болар" бірақ бала көтеру əр əйелдің арманығой. бірақ топырақ көп жеймін қоя алмай жүрмін. қалай тез көтерсем болады айтыңызжаршы......
менің турмыска шыкканыма 8ай бала көтере алмай журмин барлык жағынан көрдім еш пайдасы жок кунде тунде жылаумен болам нестесем болады

Ұқсас сұрақтар

118,269 сұрақ
304,992 жауап
153,298 пікір
67,280 қолданушы