Радикалды «Ирак және Левант ислам мемлекеті» ұйымы Ирак және Сирия шекарасында басып алған аумақтарда шариғат заңына бағынатын халифат құрғанын мәлімдеді.
Бұған қоса, сүнниттік жиһадшылар ұйымның атауын «Ислам мемлекеті» деп өзгерткен. Олардың сөзінше, халифат құрамына Сирияның Алеппо қаласынан Ирактың шығысындағы Дияла провинциясына дейінгі территория кіреді.
Радикалды топ халифаттың басшысы ретінде өздерінің лидері Әбу-Бәкір әл-Бағдадиді тағайындаған.