Отанға деген махаббаттың қайнары қай нәрселер?

0 дауыс
782 қаралым
Қайда жүрсең де өз еліңе жетпейтіндей сезіну үшін, Қасық қаның қалғанша отанға қызмет қылу үшін қандай құндылықтар маңызды әріәсерлі?

Мысалы, мен табиғатты айтар едім. Қазақстанның Жетісу, Алтай, Бурабай сияқты көрікті жерлерін барып көріп, соны жүрекпен сезіну керек. Көңілге бекіту керек.

Сосын?
Өмір, Тіршілік

2 жауап

0 дауыс
Ол үшін табиғатты сүю жеткілкісіз, менің ойымша. Табиғатты сүйе тұрып өз тіліңде сөйлей алмасаң, табиғатты сүйе тұрып ел болашағына алаңдамасаң, табиғатты сүйе тұрып тиіттей де үлес қосуға ұмтылмасаң, табиғатты сүйе тұрып сенімен туған жері, руы бөлек қандастарыңды сүйе алмасаң... Бәрі бекер!! Өз еліңнің табиғатын сүю - отансүйгіштіктің бір парасы, бірақ бастамасы емес!
Мен жалғыз табиғат деген жоқпын.
Мен табиғат отансүйгіштікке жатпайды демедім))
0 дауыс
Тілім мен салт-діәстүрім ,ұлттық тағамдарымды таусылмай айта аламын
Белгісіз
Қазақ тілінің басқа тілдерден қандай артықшылығы бар?
Ұлттық тағамды жемей-ақ ұлтжанды болуға болады.
Айналайын тіліңді,салт-дәстүріңді,ұлттық тағамдарыңды яғни ұлттық болмысыңды білмесең өзіңді қай жағынан қазақпын деп айта аласың?
Біліп жүру бөлек, оларсыз өмір сүре алмау бөлек. Вегетариан болсаң да қазақ боп қала бересің. Тіл қазақты біріктіретін, өзгеден ерекшелейтін, үстем қылатын нәрсе. Бірақ мен патриотизмнің қайнар бастауларын сұрадым.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы