Мүлікті тәркілеу дегеніміз не?

0 дауыс
5.1k қаралым
Мүлікті тәркілеу дегеніміз не?
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Мүлікті тәркілеу – қылмыс жасағаны, әкімшілік немесе азаматтық құқықты бұзғаны үшін қолданылатын қосымша жаза ретінде кінәлі адамның меншігіндегі мүлікті немесе оның бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп, өтеусіз, қайтарымсыз алу. Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді де, заңда көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Тәркілеуге сотталған адамның жеке өзіне тиісті мүлкі немесе сот үкім шығарған сәтте оның ортақ бірлескен меншіктегі үлесі болып табылатын мүлік қана жатады. Қылмыстық атқару заңына сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбейді. [1]
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,823 сұрақ
322,429 жауап
153,155 пікір
72,975 қолданушы