+1 дауыс
411 көрілді
Ер жігіттерге қарағанда темекі шегетін қыздар неге көбейіп барады?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен келіспеймін, темекі шегетін еркектер темекі шегетін әйелдерден әлдеқайда көп.

+1 дауыс
Қазіргі кезде қыздар оныда өзіне бір тамаша қылық сияқты көреді-ау.

Темекі түтіні адам ағзасы үшін зиянды және улы заттардың жиындысы. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар қылатын әр түрлі радиоактивті элементтер.

Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Мысалы, салмағы 16-20 килограмм итке не бары бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, бір минуттың ішінде өліп қалады екен.  Адамға да бар болғаны бір-ақ тамшы (ол 10-12 тал сигаретте болады екен) никотин жеткілікті.
Бұл улы зат – темекіні бірінші рет 1560 жылы Францияға алып келіп таратқан француздың партугалиядағы елшісі Жан Нико  болатын.
Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, ал өкпеден адам қанына сіңеді. Содан соң қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпіріне тарайды. Сілекей арқылы жұтынғанда өңешке және асқазанға сіңеді. Осылайша ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын және сілекей бездерін уландырады. Қан арқылы миға жетіп, әуелі оның жүйке жасушаларын (нейрондарды) қоздырады да, сонан соң бірте-бірте оларды уландырып, істен шығарады.
Никотин темекі түтінімен үнемі тыныс жолдары арқылы өтетіндіктен оның ішкі кенерелері ыстанып, ісініп, қабынады. Осының салдарынан темекі тартатын адамдардың барлығы дерлік – фарингит, трахеит, бронхит сияқты тыныс жолдарының созылмалы ауруларына душар болады. Никотиннен қан тамырлары тарылып – атеросклероз, эндартерит, тромбофлебит сияқты өте қатерлі ісік ауруларына соқтырады. Осылайша, тарылған «түтікшелермен» қанды айдайтын жүректің қызметі ауырлайды. Сонымен бірге мидың да, жүректің де және тағы басқа ішкі ағзалардың да қан айналымы қиындап, «қорексіз» қалады. Ол ағзаларға әсіресе оттегі жетіспейді. Соның салдарынан ондай адамдардың басы ауырып, жүрегі сыздайды және аяқ-қолдары қақсайтын болады. Сөйтіп, темекі шегетіндер стенокардия, инфарк және инсульт (миға қан құйылу) сияқты қауіпті ауруларға шалдығуы мүмкін.
Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Бірте-бірте олардың  жүйке жасушалары уланып, оқу-үлгерімі нашарлайды. Тіптен ақыл-ойы кемиді. Ұрысқақ, ашуланшақ болып өседі. Сонымен қатар олардың өкпе, жүрек пен қан тамырларының қызметі  нашарлап, өз қатарларымен салыстырғанда беттеріне ерте әжім түсіп, ерте қартая бастайды. Және фарингит, трахеобронхит, астма т.б. созылмалы кеселдерге шалдыққыш келеді. Олардың қандары азайып, бастары айналады және көз жанары кемиді.
Жас балалар темекіге қалай үйренеді? Бұның себебі көп. Көбінесе олар темекі шегетін ата-аансына, ағайын-туғандарына, өздері жақсы көретін, пір ұтатын өнер адамдарына еліктейді. Тағы бір себебі бірге жүретін құрбы-құрдастарынан қалыспай ертерек «ересек» көріну үшін тартады.
Темекі шегушілер  студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе қыз балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық. Темекі шегу әсіресе тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестенің ағзасына өте қажет оттегінің мөлшерін керісінше 10 пайызға кемітеді екен. Темекі шегетін ананың құрсағындағы нәрестенің бауыр жасушалары әлі дамып жетілмеген, сол себепті олардың бауырының жасушалары тез уланып, істен шығады да, олардың денесіндегі, дәлірек айтқанда, қанның құрамындағы улы заттарды залалсыздандыру қабілетінен айырады.
Сол себепті, жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге үйренбей, тіптен темекі шеккіштерден аулағырақ жүрген  дұрыс. Себебі, темекінің түтіні темекі шекпейтін адамға  дем алуға ауа арқылы-ақ зиянды әсер ететіні дәлелденіп отыр.
Өз ойыңнан шығардыңба?
Негізі Айдостың жауабын күтуің керек еді ))
0 дауыс
Шамасы қыздар жігіттерге қызғатынсекілд.Темекі шеккенде керемет көрінемін деп ойлайтын шығар
Йә солай,Неге күнаға батқысыікеледі еКен
+1 дауыс
Уайым қайғысы көп шығар.
+1 дауыс
Жақсы қасиет те, жаман әдет те жыныс талғамайды)) Сонда жер бетіндегі жаман әдеттің бәрі еркектерге тән бе? Тек ер адамдар ғана нашақор, ер адамдар ғана қылмыскер ме? Неге еркектерді сонша төмен түсіресіз?!))
...