+1 дауыс
65.6k көрілді
Күн сәулесі жер бетіне қалай түседі?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Неғұрлым оңтүстікте орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылуды да соғұрлым көп береді. Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып, атмосфераны ұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол себептен жылу да азаяды.
+1 дауыс
Күн радиациясы күннен шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2-мен есептеледі. Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Неғұрлым оңтүстікте орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылуды да соғұрлым көп береді. Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып, атмосфераны ұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол себептен жылу да азаяды.

Жер бетіне түсетін күн сәулесінід 20%-ын атмосфера кері шағылыстырады. Қалған бөлігі жер бетіне жетеді. Осы бөлігін тура Күн радиациясы дейміз. Күн сәулесініңбіраз бөлігін атмосферадағы су булары, мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып таратады. Мұндай жағдайда Жер бетіне шашыранды радиация жетеді. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын жиынтық радиация деп атайды. (Төмендегі жиынтық Күн радиациясыныңкартасын караңдар.). Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырак, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады, оны жұтылған радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны шағылысқан радиация дейміз.
0 дауыс
маған географиядан 6 сынып 4 ші сарамандық жұмыс
...