Кейде ойлап қоям... Неге осы отбасында өмірге келуім керек болды екен? Неге осы елде туылуым керек болды екен? Неге осы кісілердің қызы болып дүниеге келдім екен? Неге осындай достарыммен кездестім екен? Егер бәрі басқаша болса, мен басқа адам болар ма едім... Демек бәрінің бір себебі болғаны. Меніңше осындай кездесулер, біздің тағдырымыз, өмірге келгендегі миссиямыз, әрбір сәтіміздің өзі - ғажайып!! Қияли жауап екенін білем, деседе, менің Жер бетіндегі 6 миллиард адамның бірі екенім де мен үшін ғажайып!