0 дауыс
7.1k көрілді
Менің жасым 23те осыдан 4 күн бұрын жанбасымды салдырдым орнынан қозғалған екен. оның алдында он күн жылқы майын жақтым сол жерге. үш жыл бұрын қозғалған негізі. енді қанша уақытта қалпына келеді баяғынша? қанша уақыттан соң ауыр көтере беруге болады?

2 жауап

+1 дауыс
Сүйектің орнына келуіне 3-4 айдай қатты жерге отырмау керек.Сонымен қатар 4-5 аптадай арнайы ем қабылдау керек және құрамында кальциі бар құнарлы тағамдар жегеніңіз жөн.Сосын дәрігер маманына бір қаралып алғаныңыз артықтық етпейді.Қанша дегенмен сүйек қой сондықтан біраз күтінгеніңіз абзал.
0 дауыс

Анатомиялық тұрғыдан буынның көлемінің маңызы зор. Мысалы, жауырынның буын беткейі иық буынымен салыстырғанды кіші және де олардың құрылысы да өзгеше. Жамбас – ұршық буын – шар тәріздес болып келіп, өз орнында тереңде жатыр, жан-жағынан мықты бұлшық етпен, байланыстырушы сіңірлерімен қоршалған.

Сонымен қатар, буын байланыстырушы сіңірлердің мықтылығы да шығуда маңызды орын атқарады. Сондықтан, мысалы: ұршық буын, иық буынына қарағанда сирек шығады. Тағы да, буындағы қозғалыс көлемінің шекті шамасы мен шығарушы күштің арасында маңызды қатынас бар. Неғұрлым шығарушы күш үлкен болып, буындағы қалыпты қозғалыс көлемі аз болса – буын шығуы жиі кездеседі. Негізінен буын тайғанда буын қабы жыртылып, байланыстыру сіңірлері мен қан тамырлары жарақаттанады. Сондықтан буын айналасының қанталауы мен буын қуысына қан жыйналу (гемартроз) жиірек кездеседі. Буын шыққанда бұлшық еттердің бекіну жерлері ауысып, аяқ қолдың не ұзаруы, не қысқаруы байқалады. Бұлшық еттің жиырылуы буынды қисық қалыпта көрсетіп, қозғалуын тежейді. Сондықтан, шыққан сүйекті неғұрлым ертерек орнына түсіру қажет, ол үшін еттің босаңсуын жақсы қалыптастыру керек. толығырақ

Ұқсас сұрақтар

...