Анатомиялық тұрғыдан буынның көлемінің маңызы зор. Мысалы, жауырынның буын беткейі иық буынымен салыстырғанды кіші және де олардың құрылысы да өзгеше. Жамбас – ұршық буын – шар тәріздес болып келіп, өз орнында тереңде жатыр, жан-жағынан мықты бұлшық етпен, байланыстырушы сіңірлерімен қоршалған.
Сонымен қатар, буын байланыстырушы сіңірлердің мықтылығы да шығуда маңызды орын атқарады. Сондықтан, мысалы: ұршық буын, иық буынына қарағанда сирек шығады. Тағы да, буындағы қозғалыс көлемінің шекті шамасы мен шығарушы күштің арасында маңызды қатынас бар. Неғұрлым шығарушы күш үлкен болып, буындағы қалыпты қозғалыс көлемі аз болса – буын шығуы жиі кездеседі. Негізінен буын тайғанда буын қабы жыртылып, байланыстыру сіңірлері мен қан тамырлары жарақаттанады. Сондықтан буын айналасының қанталауы мен буын қуысына қан жыйналу (гемартроз) жиірек кездеседі. Буын шыққанда бұлшық еттердің бекіну жерлері ауысып, аяқ қолдың не ұзаруы, не қысқаруы байқалады. Бұлшық еттің жиырылуы буынды қисық қалыпта көрсетіп, қозғалуын тежейді. Сондықтан, шыққан сүйекті неғұрлым ертерек орнына түсіру қажет, ол үшін еттің босаңсуын жақсы қалыптастыру керек. толығырақ