+1 дауыс
7.2k көрілді

Соңғы кезде СЖ сайтында аталмыш тақырып жиі қозғалатын болғандықтан ғаламтордан бірнеше мақаланы оқып едім. Әйелге қол жұмсау - ер адамның психикалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде "сау емес" екенін білдіреді екен. Бала күнiнде өз ата-анасының арасындағы ұрыс-керiстердiң куәсi болып, әкесiнiң анасын ұрып-соққанын көрiп өскен бала күнi ертең осыларды өзi де қайталайды дейді. Өйткенi бала психологиясында әйелдi сабау қалыпты көрiнiс болып қалыптасады. Мен де "әйелімді ұрып қойдым", "тәрбиелемек болдым" дегендерді естіп қатты таңғалдым. Көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс адамды ұрудың өзі қолынан келмейтін адам баласы, тіпті сүймеген күннің өзінде, бірге тұрып, ұрпағын дүниеге әкелген адамға қалай қол көтереді? Елімізде жыл сайын 500 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Бұл анау айтқандай "тәрбиге" жата ма?  Әйеліне қол жұмсайтын ер адамдар бар ма сайтта? Сіздің қол жұмсауыңызға не себеп болды, шынымен, өткен күндегі травма ма? Әлде әйеліңіздің сыйламай, алдымен қол көтеруі ме?  Әйелге қол жұмсау - психикалық кемтарлық дегенмен келісесіз бе? 

Мәліметтер: ЖасАлаш, Массагет, Nur.kz сайттары

 


 

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мүмкін...

Сонда, да қол көтеру арқылы ешкім ештеңені дәлелдемейді, одан адам жақсы болып кетпейді, ондай ата-аналардың ұрыс-керісі балаларына зиян келтіреді.... Адам болған соң ақылмен, ақырындап айтсада түсінеді ғой......

Ер адамның әйел адамға қол көтеруінің мынандай себептері бар екен:

1. Мас күйде есін білмей ұруы;

2. Хроникалық алкоголизм. Бұл адамның тоқырауына әкеліп, еркек адамшылығын жоғалтады;

3. Ер адамның психикалық ауытқуы.

4. Ер адамның тым қызғаншақ болуы;

5. Әйелдің өзін ұруға дейін жеткізуі;

6. Әйелдің ер адамға өзі бастап қол көтеруі.
0 дауыс
Психикалық ауытқуға ұшыраған деуге болмайды.Оның бірнеше себептері болады ғой.Әйел көп нәрсені өз тілінен не ісінен табады.
+1 дауыс
Топас адамның тiрлiгi ғой ол...
0 дауыс
Әйел ұрып үйренген еркек ол әдетін өле өлгенше қоймайды. Бұл расында психикалық ауытқу. Еркектің дұрыс ойлай алмауы. Ондай еркектен о бастан қашу керек.

Ал, әйелін ұрып қана ақыл кіргізем деушілер жаңылысады. Ақылсыз әйелді несіне әйел қыласыз? Шынымен әйеліңізге көңіліңіз толмаса, ажырасыңыз да ақылды әйел алыңыз. Алайда ақылды әйел қамқор көңілімен емес,жұдырығымен бағындырғысы келіп тұратын еркекке күйеуге шығуы қиын. Шыққан күнде ол да ажырасып кетеді.

Отбасылық өмірде тіл табысудың жалғыз жолы - бір біріңізге қамқор болу, қатігез болу емес!
0 дауыс
"Исламда әйеліне қол көтеретін еркектен төмен еркек жоқ" - деп басталатын, Арман ұстаздың жақсы уағызы бар... Соны да біле жүрген абзал...
...