0 дауыс
Адамды неліктен хордалылар типіне жатқызады?
16.03.2015 1.9k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық өкілдеріне тән белгілерді көруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа жағындағы жүйке түтігі, тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасының дамуы, аяқ-қолдарының екі жұбы болуы, жүректің дененің құрсақ бөлігінде орналасуы адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді. Төрт камералы жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері, дененің беткі жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек тіс) адамның сүтқоректілер класына жататындығын көрсетеді.
16.03.2015
0 дауыс
Жаксуйексиздер деген не?
29.01.2017
127,965Сұрақ
322,909Жауап
153,169Пікір
73,034Қолданушы