0 дауыс
884 көрілді

Қарасай  ауданының әкіміне осы ауданның тұрғындар атынан
Мекен жайы: Қарасай ауданы
Абай ауылы, Алтынсарин көшесі
253 «А» үйлері.
Тел. 87023460957

Дабыл, Дабыл  қағамыз !!!

Біздер Қарасай ауданы, Абай ауылы, Алтынсарин көшесі 253 үйде тұрып жатқанымызға 2009 жылдан бастап. Осы тұрып жатқан жерімізде қәзіргі таңға лайықты ешқандай жағдай жасалмаған, атап айтқанда қолымызда барлық құжаттар бола тұра  (ИЖС, мемлекеттік жердің актісі) бізде осы ауылға баратын жолдар жасалмаған, су құбырлары тартылмаған, сонымен бірге ауылдық әкімгершіліктегі жер телімін бөлетін маман сендерге жол жоқ, сендерге кім  жер берген, қайда барсаңдарда бара беріңдер жол қарастырылмаған. Сонда жоспарсыз жолсыз берілгенбе?

Әкімінің маманны айтқанына қарағанда жол жоқ болатын болса онда неге жанжағымызға үйлер түсіп жатыр.  Қанша мәрте Райымбек ауылдық әкімдігіне барғанда бұл жер әлі біздің  жоспарға кірмеген, әлі белгісіз дейді.

Осы мәселе бойынша 2013 жылдан бері  хаттар жазылған, бірақ та осы хаттарға ешқандай жауап жоқ.

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазахстан Республикасының  Президентінің кезектен тыс сайлау қоғамдық үлкен шара екендігі анық, сондықтан  да  аудан әкіміде  осындай науқаннан тысқары қалмауы үшін өздерінің жауапкершілігін сезіну үшін жазып  отырмыз.

Сізден жоғыда аталған жол түсетін жерді жердің жоспарында  көрсетіп,  жолды  жасатуға   көмек  беруіңізді  сұраймыз.

Біздің мекен жайымыз: Қарасай ауданы, Абай ауылы, Алтынсарин көшесі, 253 «А,Б»үйлері.

16 наурыз  2015ж.

p.s. Кері байланыс арқылы келген хат.

Бұл сайттың қатысы жоқ-ау жазғаныңа, НұрОтанның официальный сайтына, Ұлттық арналарға, 7-канал, КТК-ға жазып көр, партия мен журналистер араласса тез шешілетін сияқты
Қазір осындай хат келіп түсті бізге, жауаптарыңызды беріп кетсеңіздер немесе шешімін тауып берсеңіздер деп Қарай ауданының әкімшілігіне хабарласып жатырмын.
Қанша дегенмен осындай сайтта жарияланды делінсе шынымен де үрей туғызып, шешімін тауып беруге қимылдайтыны анық деп ойлаймын.

1 жауап

0 дауыс
Аудан әкімдеріңіздің ресми сайтына, облыс әкімдеріңіздің жеке блогына, (Нұр Отанға бір арыз жазғанюыз одан жауап жоқ, жазбай ақ қойыңыз) Қазақстан ҰТА-ға қорытынды жаңалықтарға қоңырау шалыңыз.
...